Маңғыстау от пен су қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп жатыр?

Malim Админ

  • 19.07.2021

Биылғы жылдың құрғақшылықпен есте қалатыны анық. Бүкіл аймақта байқалып жатқан бұл қиындықтың тағы бір қауіпті тұсы – өрт тудыруы әбден мүмкін екендігінде. Әсіресе, қолдағы малына шөп тауып бере алмай қалған Маңғыстау облысында бұл жағдай ерекше бақылауда болуға тиіс. Осыған орай Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Облыстағы өрт қауіпсіздігі  туралы және шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» деген тақырыпта брифинг өткізді. Брифинге келіп, сұрақтарға жауап беріп, облыстың биылғы, бұрынғы көрсеткіштері, жалпы дайындығы жайлы ой бөліскен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Мұханов.

Маңғыстау облысы Қоғамдық  коммуникациялар орталығы алаңында өткен брифингте негізгі сөз дала өрті туралы болды. Жалпы, дала өртінің табиғатқа тигізер залалынан бөлек, адамға, оның ішінде ел экономикасына да орасан зиян тигізуі мүмкін. Адам өміріне, жан-жануарлардың қырылына әкеп соғатын да жағдалар аз емес. Сол себепті, әсіресе, биылғыдай құрғақшылық жайлаған уақытта дала өрттерінің алдын алу тыңғылықты адйындықты талап етеді.

Жалпы айтсақ, Маңғыстау облысының аумағында орман қоры аумағының ауданы 253 мың гектар. Оның 125 мыңы орман жабылған аумақ есептеледі. Ал, басқасын айтпағанда ақбөкендерімен аты шыққан Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ауданы 223 мың 342 гектарды құрайды, бірақ, мұнда орман жабылған аумақ жоқ. Былтыр бұл аймақта орманды дала өрттері тіркелмепті. Былтырғы және одан бұрынғы тәжірибелерге сүйене отырып, биыл  «2021 жылдың өрт қауіпті кезеңінде Маңғыстау облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Облыстық ТЖД осы жоспар бойынша әрекет ететін болады. Енді осы іс-шаралар жоспарына тоқталсақ. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша:

«- Ағымдағы жылдың мамыр айында табиғи өрттерге ғарыштық түсірілімдерді олардың дамуының бастапқы кезеңінде алу мүмкіндігі үшін жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі бойынша шарт жасалды.

  • Департамент қолдауымен Бейнеу және Сам мемлекеттік мекемелері бойынша ормандарды өрттен қорғауды жетілдіруді қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспары, сондай-ақ орман және дала өрттері туындаған жағдайда күштер мен құралдарды тарту жоспары әзірленді.
  • Атырау және Ақтөбе облыстарымен трансшекаралық сипаттағы орман және дала өрттерін сөндірудің өзара іс-қимыл жоспары келісілді және бекітілді.
  • Мамыр айында Бейнеу және Сам мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
  • Бейнеу және Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде табиғи өрттер туындаған жағдайда УАЗ (АЦ-09-10) базасында жеңіл өрт сөндіру автомобилдері бар.
  • Сонымен қатар, азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардан 6 мобильді топ құрылды».

Жалпы, облыста қазіргі уақытта ауылдық аудандарда табиғи өрттерге ден қою үшін 462 адамнан тұратын 38 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істеп жатыр. Оларда барлығы 125 бірлік бейімделген техника мен жабдықтар (су тасығыштар, тракторлар, бульдозерлер және т.б.) бар. Одан бөлек 6 өрт сөндіру бекеттері құрылды (Сенек а., Ақшұқыр а., Таушық а., Боранкөл а., Сай-Өтес а., Тұщықұдық а.). Мұның бәрі 8 елді мекенде 35 000 мыңнан астам адамды қамти отырып, аумақты өрттен қорғауға мүмкіндік береді.

Тағы бір сөз болған мәселе, жаз келген сайын Каспий теңізіне түсетін, шомылатын адам саны артады. Бұл дегеніңіз, су қауіпсіздігі мәселесін тудырады. Қаза болғандар, жарақат алғандар, женсаулығына зақым келгендер санын азайту немесе болдырмау үшін де біраз шаруа атқарылуға тиіс. От пен су – тілсіз жау десек, облыста суға түскендегі қауіпсіздік шаралары да өте маңызды. Жыл басталғалы бері 8 адам қаза болып (оның біреуі бала), 14 адам құтқарылған. Мұның негізгі себебі ретінде судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау, яғни, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға шомылу, мас күйде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру сияқты жауапсыздықтар аталды. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін облыс әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі «Маңғыстау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшілік демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысы бекітіліген. Қаулыға сәйкес, облыс аумағында шомылуға арналған 38 жағалау учаскесі (Ақтау қаласы - 21, Түпқараған ауданы – 5, Қарақия ауданы - 12) белгіленген. Оның 10-ы жағажай аймағы, 28-і демалыс базасы. Ал, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсанда шығарылған  «Маңғыстау облысында ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешімімен  шомылуға тыйым салынған 6 учаске белгіленген. Оның екеуі Ақтау қаласында, Төртеуі Түпқараған ауданында орналасқан.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады