Мажоритарлық жүйеге халықтың сайлауға деген сенімін күшейте түседі

Malim Админ

  • 17.11.2023

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өткені  белгілі. Депутаттар тек партия атынан емес сайлау жүйесінің тағы бір түрі мажоритарлық  жолмен сайланды. Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісімен Мәслихат депутаттарын сайлау ерекше халыққа тиімді болып саналуы тиіс. 19 жылдан кейін Қазақстандықтарға жеке тұлғаларға дауыс беру арқылы Мәжіліс депутаттарын сайлау мүмкіндігі қайтарылды. Бұл біріншіден  Қазақстан Республикасының Конституциясына былтыр енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың арқасында мүмкін болды. Екіншіден, түрлі себеппен ешқандай партияға мүшелікке өтпеген белсенділерге Мәжілістегі орындар үшін бәсекелесуге жол ашылды. Қасым –Жомарт Тоқаевтың бастамашылық еткен саяси реформасымен Мәжіліс депутаттарының  сайлаудың Мажоритарлы жүйесі арамызға оралды. Президенттің шешімі дұрыс болғаны осы сайлау науқанында бір мандатты округтер арқылы өзін –өзі ұсынған кандидаттардың көптігінен байқауға болады. Бәсекелестік деңгейін арттыру, интриганы күшейту, саяси амбициясы бар белсенділердің төбе көрсетуі, олардың өз мақсаттарын өркениетті түрде – сайлаушылардың дауыстары үшін күреске қатысу арқылы жүзеге асырылуы сияқты факторлар мажоритарлы сайлау жүйесінің артықшылығын көрсетеді. Ең бастысы, енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатын болды. Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларда Мәслихат депутаттарыда аралас жүйе бойынша сайланды. Бұл әсіресе халық арасынан шыққан өз замандастарына шынымен жаны ашитын, сол жұртшылықтың қолдауына ие болған адамдар енді саясат сахнасына шығып, басқару жүйесінде үлкен өзгерістер болғалы тұр. Ауыл әкімдерін сайлау халыққа өте тиімді өтті. Себебі халықты танитын, халықты ойлай білетін жанашыр ауыл әкімдері сайланды деп сенеміз. Халық кез келген сайлаудан әлеуметтік жағдайдан жақсаруын ел тұрмысының оңды өзгеруін күтеді. Халық сенімі аманат , сондықтан ашық хәм әділ сайлауда халық қалаулылары сайланды деп сенеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде:

«Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді.  Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес.    

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады. Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», -- деген болатын.

Осы сайлау саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашып, еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екенін айқын көрсетіп, қоғамымызды ұйыстыра түседі деп сенемін.

Орайы келгенде, өзімнің жұмыс істейтін кітапханамдағы өзгерістерге тоқтала кетсем. Ақпараттық, мәдени ағарту және білім беру саласын қамтитын кең ауқымды, кітапханалар жүйесінде, оқырмандарға кітапханалық, ақпараттық және анықтамалық – библиографиялық қызмет көрсете отырып оқырмандарға шынайы көңілмен керемет іс- шаралар ұйымдастырылуда. Ақпарат және парасат орталығында дәстүрлі мамандандырылған қарым –қатынастан өзге, бүгінгі күні оқырманға  қызмет көрсетудің жаңа ақпараттық технологиялары негізделген заманауи нұсқалары белсенді түрде қолданылады. Президентіміздің енгізген көптеген өзгерістер тек халықтың әл –ауқатының  жақсаруына, саяси реформалардың дұрысталуына  ықпал етеді деп сенемін.

Альжанова Сандуғаш Сауытқызы,

Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.