MediaLab – әлемдік журналистикадағы үздік кітаптарды аударады

Журналист мамандар мен студенттердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейтін орталық ашылды.

  • 20.02.2023

 

Журналистика – тек сөз бен бейнеден тұрмайды, оның ең басты сүйеніші дерек пен дәйек. Және ең бастысы еркіндік. Сөз бостандығы мәселесі біздің қоғамда жиі талқыланады, сөз бостандығы болмаған жерде демократия да болмайды. Ал, демократия жоқ жерде ештеңе болмайды. Дегенмен, сөз бостандығын кім қалай түсінеді деген мәселе бар. Сөз бостандығы – әр түрлі түсініктер емес, нақты заң болуға тиіс. Сөз бостандығын шектейтіндер де, шектен шығатындар да сол заңға бағынуға тиіс. Мәселен, ара-тұра журналист, блогерлердің жеке басты қорлауға қатысты түрлі дауға қалып, тіпті сотты болып жататынын да көріп жүрміз. Журналистке, яғни, кез келген медиамаманға осы орайда өз біліктілігін жетілдіріп отырмақ парыз. Нені жазу керек, қалай жазу керек дегеннен бастап, бүгінгі журналистика саласындағы жаңа бағыттар, тосын әдістер қандай, біз қай деңгейде тұрмыз, өзге ел қайда кетті, ақпаратты табу және өте ыңғайлы формада жеткізу, т.б. мәселелер қай кезде де күн тәртібінен түспеуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл мәселе бойынша орталық ашатынын бұған дейін хабарлаған. Яғни, медиа мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру, тәжірибесін ұштау мәселесінде заманауи технологиялар мен дәстүрлі озық әдістерді сараптап, сұрыптап отырып, журналистика саласында еңбек етіп жүргендерден бастап, аталмыш салаға енді аяқ басып жатқан жастарға дейін оқыту, үйрету үшін жұмыс істейтін орталық. Бүгін сол орталықтың ашылу салтанаты өтті. MediaLab деп аталатын журналистика орталығының ашылуына ҚР АҚпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының жанынан ашылған орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті барлық жағдай жасалғаны жайлы айтқан Дархан Қыдырәлі:

"Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумда біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне соның орайы бүгін келіп отыр.
"MediaLab" орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді", - деді сөйлеген сөзінде.

оБұл орталықтың тағы бір артықшылығы, негізгі артықшылығы деуге де болады - Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау көрсетілмек. Бұл өз кезегінде студенттер мен журналистикада аты қалыптасқан, қаламы төселген, тәжірибесі мол мамандар мен кейінгі буыннын арасындағы байланысты нығайтады және дәстүр сабақтастығын арттырады. Министрдің айтуынша алдағы уақытта бұл орталық тек оқытумен, үйретумен ғана емес, түрлі кітаптарды аудару және жазумен де айналысады. «Ашық силлабус» деп аталатын жоба аясында журналистика мектептерінің озық саналатын бағдарламалары мен журналистика туралы үздік кітаптар мен оқулықтар аударылмақ. Демек, бұл журналистика саласын дамыту ғана емес, журналист мамандығын заманауиландыру, зерттеу журналистикасы сияқты біздің елде әлі де жолға толық қойыла алмай жатқан салаларға қолдау көрсету, жалпы журналистерге кәсібилігін арттыруға жағдай жасау деген сөз. Студенттер туралы сөз болған соң, екі министрлік біріге отырып әлі біраз шаруаны іске асыруға тиіс. Журналистика мамандығы бұрыннан оқытылып келеді, дегенмен, бұл мамандықты дамыта түсуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің де ат салыса бастауы құптарлық шаруа.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.