Мектепке дейінгі білім беру: 21 мың педагог біліктілігін арттырады

ҚР Оқу ағарту министрлігі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды  дамыту моделін әзірледі.

  • 01.03.2023

 

Ол балалардың жан-жақты, тұтас дамуына бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.

Модель әр баланың жеке ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы қажет дағдыларды анықтайды. Ата-аналар қоғамын балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне жан-жақты тартуға көңіл бөлінеді. Жаңа модель, нормативтік құжаттарды жетілдіру, педагогтердің даярлығы мен біліктілік сапасын арттыру, қолжетімді пәндік-дамытушылық ортаны құру, қолжетімділікті қамтамасыз ету кезеңімен жүзеге асырылады.

Жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі өзгерістер аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны артып келеді. Н.Жұмаділдаеваның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымының 21 мың педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2022 жылы 14 мыңнан астам педагог курстардан өткен, ал, 2023 жылы олардың саны 21 мыңға жетті. Осы орайда мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мәртебесін арттыру мақсатында жалақы ұлғайту және  тәрбиеші мен бала арасындағы жүктемені халықаралық көрсеткіштерге дейін төмендету тетіктері қарастырылуда. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 90%-ға жуық, 3 жастан 6 жасқа дейін – 98,3%  болды, және соңғы төрт жыл ішінде балабақшаға кезекке тұру 4 есеге азайған. Бүгінгі таңда  республика бойынша 0-ден 6 жасқа дейінгі 250 мыңнан аса бала балабақша кезегінде тұр.  Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін алдағы 3 жылда 223 мыңға жуық жаңа орын жасақтау жоспарда бар.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін 47 мың балаға диагноз қойылды. Соның ішінде 14 460 бала арнайы ұйымдар мен топтарға, 5 530 бала жалпы білім беру топтарына барады. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақша кезегіне жеңілдік қарастырылған. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры айтқан тағы бір мәселе – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін үйрету талаптары енгізіліп жатыр. 2022 жылдан бастап барлық жастағы бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрену талаптары енгізілді.

Жалпы, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп жүр. «Тәрдие – тал бесіктен» деген қағиданы ескерсек, балабақшаға барған балалардың қазақ тілін үйренуі – оның бүкіл өміріне жететін азық болуға тиіс. Бұған дейін, тіпті, қоғамда бастауыш мектепте үш тілде білім беруге қатысты ведомство шешімі көп талқыланып, кері әсер туғызғаны белгілі. Осындай жағдайда тіл мәселесі мұндай шешімдер арқылы жөнге келуге тиіс. Орыс тілді отбасыларда өсіп келе жатқан балалар балабақшадан бастап қазақша сөйлесе, қазақша үйренсе – бұл мәселені шешудің ең негізгі бір жолы ретінде қарастыруға болады.

 Айта кету керек, елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде білім береді. Соңғы талап бойынша, қазақ тілін меңгеру мақсатында педагог күні бойы үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумын қолдануға мүмкіндік алады. Бұл тәрбиеленушілердің ауызша үйлесімді сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, қазақ тілін, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге ықпал етеді, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетін салт-дәстүрлерімен кеңінен танысатын болады. Қазіргі таңда смартфон мен планшеттерге тәуелділік, оның ішіндегі ойындар мен программалар да шет тілдерінде кеңінен насихатталып жатыр. Енді ғана тілі шығып, қоғамды телефонмен танып жатқан ұрпаққа қазақ тілін,өз  ана тілін балабақшадан санасына сіңіргені ұлттық тілге, ұрпаққа жасалған игі іс іспеттес.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.