Мектептегі қауіпсіздік – білім берудің басты талабы
Қауіпсіздік кешенді жүйесіне қатысты барлық білім беру ұйымдары тексеріледі.

Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Кез келген сала, оның ішінде әсіресе, білім қауіпсіз, жайлы ортада дамиды. Оған дәлел қазіргі экономикасы озған, қоғамы тұрақты жолға түскен елдердің бүгінгі жай-күйі, білім саласы. Білім беру – тек мектепте оқыту ғана емес, тұлғалық қалыптасу, үлкен өмірге дайын болу, яғни, психологиялық тұрғыда ұстамды, өз ойын еркін, ашық айта алатын, қай ортаға түссе де өзін көрсетуден қорықпайтын, өзін дәлелдей алатын мүмкіндігі бар балаларды дайындап шығу. Бұл мәселеде қауіпсіздік мәселесі ең бірінші орынға шығады.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшыларымен бірлескен шұғыл кеңес өткізіп, аталған кеңесте аталған салаға жауапты тұлғаларға осы мәселе жөнінде тапсырма жүктепті.
Жалпы, мектептегі қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаға бөлінеді. Оның ішіндегі ең негізгісі – балалардың құқықтарының сақталуы. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова біраз жоспарларын ортаға салды. Оның ішінде Петропавл қаласындағы мектепте алдын ала тексеру нәтижелері және оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайына тоқталды.
«Комитет әдістемелік және психологиялық көмек бойынша жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Келесі аптадан бастап бір ай бойы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата – аналар қауымдастығының, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша тексеру жүргіземіз», - дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.
Бұл комитет қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және талдауды жүзеге асыратын құқықтық базаны қалыптастыруға ерекше мән беріп жатыр. Оның ішіне мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етудің стандарттары мен талаптары, білім беру ұйымдарында пайдалануға тыйым салынған заттардың тізімі пысықталып болған. Мәселен, былтыр білім беру нысандарын терроризмнен қорғауға байланысты нұсқаулық дайындалған, ал биылғы жылдың қаңтар айында өңірлерге педагогтер мен білім алушыларға қауіпті жағдайларға арналған іс-қимыл алгоритмдері қандай болу керек деген мәселеге байланысты нұсқаулықтар жолданған. Бұдан басқа да жоспарлары туралы Насымжан Оспанов:
«Министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау, оның ішінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру жөніндегі Кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде. Оған 20-ға жуық мемлекеттік органдар мен өңірлер жұмылдырылған. Жуық арада өткізу режимінің регламентіне өзгерістер енгізілетін болады», - дейді.
Қауіпсіздік саласы қай деңгейде тұрғанын анықтап отыру да басты талап. Осыған орай кеңес кезінде министр Ғани Бейсембаев 2023 жылдың 20 ақпанынан 20 наурызына дейін бір ай бойы Қазақстанның барлық оқу орындарын кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету деңгейіне мониторинг жүргізуді тапсырды. Мониторинг қана емес, жалпы қауіпсіздік шараларына қатысты тәжірибе алмасу, өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін әзірлеу мәселесі де айтылды. Бұл мәселеге орай орта білім комитеті оқушыларға арналған қауіпсізідк сабақтарын дайындауға тиіс. Цикл-циклымен өтуге тиіс бұл сабақтар балаларды тосын жағдайларда және жалпы мектепте өзін қалац ұстау керек деген мәселеге дейін түсіндіруге қауқарлы болуы керек. Бұған тек қана білім саласы мамандары ғана емес, полиция және төтенше жағдайлар департаменттері де ат салысатын болады.
Кеңесте айтылған тағы бір статистика – мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай, Қостанай және Түркістан облыстарында қауіпсіздік жүйелерінің талапқа сай келмейтіні анықталған. Алдағы уақытта бұл өңірлермен ерекше жұмыс жүргізу керектігі айтпаса да түсінікті.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.