Оң өзгерістерге – оңтайлы қадаммен!

Malim Админ

  • 28.05.2023

 Қазақстандықтар тағы бір тарихи өрлеу мен серпіліс кезеңінде десек, сол кезеңде көзі ашық көкірегі ояу азамат ретінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге ден қойып, ел үшін халық үшін тиімді тұстарын бағамдап саналылық таныту – баршамыздың парызымыз. Жаңару мен өзгерістер әрдайым қажеттіліктен туындайды. Уақыт талабына сәйкес былтыр елімізде бүкілхалықтық референдум өткізілді.  Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілді. Бұл азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам яғни жалпы халық белсенділік танытты. Референдумның маңызы мен мақсатын терең түсінген Түркістан облысының тұрғындары  ел болашағы үшін өз дауысын беріп қолдау көрсетті.

Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл идея біздің барлығымызды, қазақстандықтарды елді жаңарту жөніндегі қозғалыстың бірыңғай ұмтылысында біріктіреді. Қызмет форматы өзгереді және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болады. Бұл екінші республиканың құрылысы деп қарасақ әрбір азамат өзінің жаңа тарихты қалыптастыруға қатыстылығын сезінуі тиіс. Референдум азаматтарға жалпымемлекеттік маңызды мәселе мен ел тағдырын айқындау бойынша дауыс беруге тікелей  қатысу мүмкіндігіне ие екендігін көрсетті. Сондай-ақ халық болып қабылдаған Ата Заңдағы өзгерістер ел дамуына серпін береріне сенім мол.

Сайлау жүйесіне де бірқатар өзгерістер енгізілді, бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау, халық партиялық тізімге емес, нақты «фамилияларға» дауыс беруі, өз міндетін сапасыз орындағаны және сенімін жоғалтқаны үшін депутаттық мандаттарды кері қайтарып алу тетігін енгізу, мәслихаттар депутаттарының келісімімен балама негізінде облыс әкімдерін тағайындау-осының бәрі халықтың басқару ісіне тікелей де, жанама да қатысуын кеңейтуге жол ашты. Билікке жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық мәселелеріне қанық азаматтарды сайлауға арналған мажоритарлық жүйе енгізілді. Бұл деген тағы да халыққа берілген таңдау мен еркіндіктің  айғағы. Әйел азаматтарға берілген мүмкіндік ел тағдырына алаңдайтын ананың, жастарға берілген мүмкіндік талапты буынның бар екендіктерін байқатты. Бұл жоба билікке ел таңдаған және сенім артқан жаңа тұлғаларды алып келді және олардың белсенділігі мен ел алдындағы жауапкершіліктерін арттыра түсті.

Сондай-ақ ауыл әкімдерін де елдің тікелей өздері сайлауына мүмкіндік туды, бұл дегеніміз  ауыл-аймақты өркендетудің алғышарты деуге болады. Елде өсіп елмен етене араласып маңызды мәселелерді көзден өткерген азамат билікке барса жоқты бар етуге ұмтылса керек-ті. «Ауылына қарап азаматын танитын» сәттің туғанын сезініп, ел артқан сенімнің салмағын таразылап бар күш-жігерін жұмсап еңбек ету - міндет. « -Мен ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән қасиеттің бәрін халқымыздың бойында тоғысуы қажет екенін үнемі айтып жүрмін.Сондықтан, еңбекқорлық, білімге ұмтылыс, заңды құрметтеу және құқұқтық тәртіпті сақтау, атаққұмарлықтан, радикализмнен аулақ болу, пайдакүнемдік пен ысырапшылдықтан, масылдық пен енжарлықтан жирену, адамгершілікті ардақтау, өзгеге тілектес болу және өзара жәрдем көрсету сияқты қасиеттер біздің мәдени кодымызға айналуы керек»- деген болатын мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз сөзінде. Осы мақсаттағы ізгі қасиеттерді, адами құндылықтарды адамзат бойына дарытып бағдаршамдай жол көрсетуде рухани қазына болған кітаптың алар орны ерекше. Осы орайда Келес ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және оған қарасты ауылдық кітапханалар халықпен тығыз байланыста болып руханиятпен сусындатумен қатар саяси реформаларға қатысты ақпараттар беріп баспасөздегі материалдарды оқырмандармен бірге талқылап елмен қызу жұмыс жүргізуде. Еселі еңбектің жемісіндей болған марапаттар өз алдына бір төбе. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы атаулы мерекелерде Келес аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ж.С.Мусабаева «Үздік меңгеруші» номинациясымен, А.К.Жанедилова «Үздік жас кітапханашы» номинациясымен,Түркістан қаласында өткен «Аялы әже» форумында Г.Ж.Сәрсенова «Руханият шырақшысы» аталымы бойынша марапатталды.Басқа да марапаттар жетерлік, бұның бәрі руханиятқа деген махаббаттың еселі еңбектердің жемісі.

Халық пен мемлекет егіз ұғым, яғни мемлекет дегеніміз-ортақ құндылықтары бар халық деген сөз. Еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тұтастығы біздің басты байлығымыз. Әрбір азамат қоғамның -бір бөлшегі екенін ескерсек, әрбір тұлға ел мен жер тағдырына, болашаққа бей-жай қарамағаны жөн.Қоғамда болып жатқан оң өзгерістерді жете түсініп қабылдап оған оңтайлы қадаммен әрекет ету әрбіріміздің борышымыз. Болашаққа деген сеніміміз сол, қадамымыз нық болғай!

 Зағира Жүсіпқызы

Келес ауданы, Ескіқорған ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін