Өндірістен келген педагогтердің жалақысы көбейеді

  • 06.04.2023

 

2023 жылы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, өндірістен тартылған мұғалімдерге жалақысына қосымша 30 пайыз үстемақы қосылатын болады.

Иә, соңғы жылдары мемлекеттік саясат педагог мамандығын дамытуға, оған деген көзқарасты өзгертуге, сүйіспеншілікті арттыуға, танымалдылығын жоғарылатуға барынша жағдай жасап жатыр. Оқуға түсу кезінде жеңілдіктер жасалды және талапты да күшейтті. Бұл талап мектеп түлектерінің педагог мамандығын көптеп таңдауына түрткі болып қана қойған жоқ, педагогика мамандығына кездейсоқ адамдардың өтіп кетуіне де шектеу қойды. 

Одан бөлек, педагогтардың жалақысын өсіру, қосымша жүктмелерден босату да бұл мамандықты дәріптеудің ең бір тиімді жолы болғаны анық. Нәтижесінде, өзге салаларда жүрген, педагог дипломы бар мамандар мектепке орала бастады. Өзге салада жүрген, өндірісті білетін мамандардың мектепке келуі бәсекелестікті тіпті күшейтіп жіберді деуге болады. Соның арқасында, бұл тараптағы реформа жылдамырақ іске асатыны белгілі бола бастады қазір. Сондықтан, өндірістен мектепке келетін мұғалімдердің санын арттыра түсу маңызды шаруалардың бірі. Жоғарыда айтқан жаңалықтың бір артықшылығы сол.

ҚР Оқу-ағарту  министрлігінің  Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мәліметінше, педагогтер аттестаттаудан өтпей-ақ «педагог – модератор» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар, еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыларына 35 пайыз қосымша ақша төленеді және сарапшы санаты беріледі.

«Барлық керекті кәсіби технологиялармен шыңдалған білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждердің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Себебі, олар студенттерге білім берумен қатар дағды қалыптастыру үшін тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білімін үйретеді. Сол себепті осы шара өндірістен тартылған педагогтер үшін қарастырылған. колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кірісіп, сонымен қатар кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандарға тестілеуден өтпей – ақ «педагог» біліктілік санаты беріледі. Сондай – ақ, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушылары атестаттау кезінде тексеруден босатылып, қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен ғана өтетін болады. Бұл өзгеріс колледж педагогтерін ынталандырып, кадр дайындаудың сапасын арттырады», – деді Ернат Жүнісов.

Сонымен қатар, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер және 30 не одан көп жыл педагогикалық өтілі бар педагог қызметкерлері бұрынғы берілген біліктілік санатын растаған кезден бастап тестілеуден босатылатын болады. Бұл да педагогтердің өздерін жетілдіруге, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.

Елімізде биылғы жылдан бастап педагог мәртебесіне қатты ден қойып, педагогтердің құндылықтары мен құқықтарын  басты назарға қойып жатыр. Педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатындағы курстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Сонымен қатар, қағазбастылықтың жойылуына ықпал жасап, «цифлы мұғалім» бағдарламасы іске қосылды, жаңа технологиялармен жабдықталған сабақ кабинеттері ашылуда.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін