«Оператор РОП»-тың қайта пайда болуына жол бермейміз»

Нарықтағы бәсекелестік қалай қорғалады? Нарықта барлық бизнес өкілдеріне бірдей мүмкіндік берілу үшін Арнайы ведомство қандай шаралар қабылдайды?

  • 18.01.2023
М.Омаров / Фото: Vlast.kz

Бұдан былай нарықты «Оператор РОП» сияқты монополиялық компаниялар болмайды. Өйткені, бұдан былай нарықты монополиялап алып, баға мен тарифтердің өсуіне тікелей ықпал ететін және өзге бәсекелестерінің нарыққа шығуына мүмкіндік бермейтін  компаниялардың өрісі тарыла бермек. Бұл туралы Vlast.kz сайтына берген сұхбатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров айтты.

Агенттік төрағасының айтуынша, экономиканың барлық саласын дамыту үшін бәсекелестік маңызды. Сол себепті, антимонополиялық шаралар бұрынғыдан да күшейтіледі. Қаңтар оқиғасы бұл тарапта көптеген бағыттардың жекелеген адамдардың тікелей бақылауында екенін, сол себепті тұтынушылар тарапынан шағымдардың көбейгенін көрсетіп берді.

«Қаңтар оқиғасы, жалпы, қауіпсіздік мәселесінде көптеген сұрақтар бар екенін көрсетіп берді, экстрактивті институттар пайда болған және оларды мемлекеттің өзі тек сен ғана мына шаруамен айналыса аласың деп, заңдастырып берген. Айталық, аты шулы «Оператор РОП». Бұл жүйе адал жолмен дамығысы келетін кәсіпкерлер мен тұтынушылардың үстінен пайда көруге мүмкіндік береді. Біз қазір осындайлар болашақта қайта пайда болмауына күш салып жатырмыз. Ол үшін заңға және үкімет қаулыларына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс», - дейді агенттік төрағасы.

Тәуелсіздік алғаннан бері жекешелендірудің екі толқыны өткен. Алғашқысы 90 жылдары болған, екінші толқын жаңа ғасыр қарсаңында, қазір үшінші толқын басталып жатыр. Осы үшінші кезеңде алғашқы екі толқында кеткен қателіктерді болдырмау маңызды. Жекешелендіру – нарықтық экономиканың басты талабы, жекеменшікке кеткен нысандар мен кәсіпорындарды қайтадан мемлекеттің қарамағына алуға болмайды, керісінше, антимонополиялық құрылым арқылы бүкіл тармақты бір өзі иемденіп алғандар анықталып, бақылауға алынуға тиіс. Ірі компаниялардың әрекет ету өрісін шектеп, тиісінше өзге де компанияларға мүмкіндік берілуі керек.

Бұл қалай жұмыс істейді? Агенттік төрағасының айтуынша, көптеген компаниялар белгілі бір тармақ бойынша жұмыс істейтін болып, үкіметтен рұқсат алады, сосын жұмысын бастайды. Бірақ, уақыт өте келе әрекет ету кеңістігін шексіз кеңейте береді. Агенттік бұдан былай мемлекет жанынан құрылған операторлар мен ірі компанияларға «белгіленген шектен шықпауға, шағын және орта бизнес өкілдеріне бәсекелес болмауға, яғни, ғимараттарды жалға беру, кофе сату сияқты ұсақ-түйек шаруалармен айналыспауды» ескертеді. Осы негізде ірі компаниялар өз бағыты бойынша, шағын компаниялар мен кәсіпкерлер өз деңгейінде бәсекелестік құрып, дамуға тырысады.

Нарықта басымдыққа ие компаниялар өзге компанияларға өз үстемдігін көрсетпеуге тиіс. Бұл ретте Омаров бір мысал келтіреді:

«Осы күні бәрі Air Astana компаниясының үстінен шағымданады, қазір тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр. Біз демонополизациямен айналысып жатқан комиссияларға қандай ұсыныс айттық? Рас, айыппұл салу – бұл мәселенің бір жағы ғана, компания болашақта өзінің басымдығын асыра пайдаланбауы үшін мемлекеттің «Самұрық-Қазына» компаниясы арқылы араласып отырғанын көріп отырмыз. Оның сыртында мемлекетке қарайтын Scat, FlyArystan, Qаzaq Air сияқты компаниялар тағы бар. Біз бұл компанияларды бөліп шығарып, кезең-кезеңімен сатуды немесе бұл нарықтан шығуды ұсынып отырмыз».

Бұл жерден түсінгеніміз, мемлекет бақылаушы қызметін атқаруы керек, бірақ, өзі тікелей араласып, бәсекелестікке кіріспесін. Үстемдікке ие компанияның өз артықшылығын асыра пайдаланбауы үшін, ең алдымен, олар активтерді заңды түрде сатып алды ма, бағалау қалай жүргізілді деген сұрақтарға жауап табу керек. Сол арқылы, агенттік үкіметпен бірлесе отырып, сараптама жасайды да, ары қарай істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Осы негізде шешім қабылданып, компанияны мемлекетке қайтарады немесе айыппұл салады, шығындарды өндіруге міндеттейді, т.б.  

Қысқасы, Қаңтар оқиғасынан кейін мүлде жаңа екпінмен жұмыс істей бастадық деген агенттік төрағасы алдағы уақытта нарықта өз еңбегімен, адал жолмен дамимын, бәсекелестікке төзе алам дейтін жаңашыл компаниялар мен бизнесмендерге барынша мүмкіндік береміз деп отыр. Егер, бәсеке әділ болса – инновациялық жаңалықтар пайда бола бастайды, тауарлардың сапасы да артады дейді. Әрине, бұл – акциома. Ал, оған қаншалықты жағдай жасалады, ол міндетті түрде дәлелдеуді қажет етеді.  

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады