Өрт сөндірушілер сайысқа түсті

Malim Админ

  • 17.07.2021

Қам қылған қапы қалмайды. Қандай жағдайда да алдын ала дайындық жасап, өзін шыңдап жүрген адам кез келген оқиғаға дайын болады. Ал, егер мұны белгілі бір мамандыққа қатысты айтар болсақ, мәні тіпті тереңдей түседі. Мысалы, өрт сөндірушілердің еңбегін алайық. Бір қарағанда, өрт болған жерге барып, қолдағы бар мүмкіндікпен отты өшіріп, кетіп қала салатындай көрінетін осы бір мамандық иелерінің еңбегі ұшан-теңіз. Өз өмірлерін бәйгеге тігетінін ескерсек, бұл мамандық иелеріне тыңғылықты дайындалмай болмайды. Басқасы басқа, тұрақты жаттығу жасамай болмайды. Әрине, олар сақтауға тиіс ережелер мен қауіпсіздік шараларының жөні бөлек, ал, өрт сөндірушілер арасындағы жаттығу мүлде бөлек спорт.

Дүниеде спорт түрлері көп. Әркім өзіне ұнаған спорт түрімен айналысады, жетістікке жетеді, өзін шыңдайды, денсаулығын күтеді. Ал, өрт сөндірушілер арасындағы сайыстың жөні мүлде бөлек. Бұл тек сайыс емес, сенің өрт кезінде қандай қайрат көрсете алатыныңның да бір көрінісі. Бұл спорт түрінің маңыздылығы сол – бұл жағдайдағы бүкіл спорттық техника мен еп бір кезек сынға түсіп қана қоймайды, сын сағатта да қолданылады. Сонысы үшін де бұл спорт түрінің маңызы өте жоғары.

Жеңімізге су тимесін, жеңіміз құрғақ болсын деп бір біріне тілек айтытын өрт сөндірушілер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ерекше ескерте кетер бір жайт, сайыс ерлер арасында ғана емес, әйелдер арасында да болды. Спортшылар өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю спорт түрі бойынша бақ сынасты. Ылғи да бабында жүретін өрт сөндіргіштер бұл жолы да аянып қалмады. Жеңіске жету үшін барын салды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталған. Соның ең бастысы командалық сайыс. Бұл сайыста үшінші орын, яғни қола жүлдені Қызылорда облысының командасы жеңіп алған. В.Хон, А.Магадан, А.Ильясов, Н.Мәжит, В.Ситников , Б.Абдуапов, Е.Әбдібектер құраған команданың уақыт көрсеткіші – 27.70.

Екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізген Шымкент қаласының командасы. Казакбаев В., Ізбасаров И., Шамшидинов С., Казакбаев И., Мирхалилов Т., Чернышев Н., Шамшидинов М. сияқты спортшы-өрт сөндірушілер 27.10 уақыт көрсеткішін көрсетті.

Ал, сайыыстығ бас жүлде иелері 26,55 нәтижесімен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы. Құрамы: Байтиков Б., Подгородецкий П., Болат А., Өсер Е., Шарипбаев Т., Алимханов А., Әлібай Б. Алтыннан алқа тағынған спортшылар қандай сын сағатқа да дайын екенін көрсетті.

Бұл жерде ерекше айта кетерлік тағы бір мәселе – жеңуімпаздардың уақыт көрсеткішінің бір біріне өте жақын екендігі. Осыған қарап-ақ, командалардың бұл сайысқа тыңғылықты дайындалатынын, өрт сөндіру спорты бойынша бәсекелестіктің жоғары екенін байқауға болады. Ал, әйелдер арасындағы сайыста бұл көрсеткіштер бір біріне қатты жақын емес болса да, тм алшақ емес екенін айту керек. Мәселен, үшінші орын алған Гейзе Р., Козлова А., Жолманова А., Жәнібекова А., Казакова Н., Кувшинова г., Хорошева А бастаған  Ақмола облысының спортшылары 37.02 уақыт нәтижесін көрсетсе, күміс жүлде иегерлері 34,67 уақытта тапсырманы аяқтаған. Батыс Қазақстан облысынан келген қыздар құрамасының құрамында Бурекешева Е., Боранбаева А., Утежанова Д., Муратова Г., Горынина Е., Канатова С., Макарова Я сияқты спортшылар бар.

Ал, бірінші орын алған Шымкент қаласының әйелдер командасы 31,96 нәтижесімен алтыннан алқа тақты. Әліхан. А., Саблина Н., Салмина В., Хайрулина В., Избасарова. Л., Мосеева Б., Колотова М. сияқты команда мүшелері бәсекелестерінен оқ бойы озық тұр.

Төрт күнге созылған жарыста жекелеген спортшылар да бақ сынасты. Түрлі сала бойынша күш сынасқан спортшылардың жалпы көрсеткіші командалық көрсеткішке тікелей әсер ететіні түсінікті. Бұл жағынан Атырау облысы ерлер арасындағы өрт сөндіру–құтқару спорты бойынша ҚР ХХVII чемпионатының қола жүлдегері атанса, күміс медальды Маңғыстау облысы иеленді. Ал командалық есепте алтын мебаль иегері атанған астаналық команда.

Бұл сайыс әйелдер арасында Қазақстан бойынша детінші мәрте өткізіліп отырғанын айта кету керек. Жалпыкомандалық есепте әйелдер арасындағы ҚР VII чемпионатының қорытындысы бойынша Қостанай облысынан келген спорттық жасақ үшінші орынды иеленсе, екінші орынға астаналық қыздар табан тірелі. Ал, бірінші орын Шымкент қаласына бұйырды. Чемпионат жеңімпаздары арнайы кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Министрлік баспасөз қызметінң хабарлауынша:

«28 командадан 251 спортшы жүлделі орындар үшін сайысты. Ұлттық құрама командалардың құрамы анықталды. Олар 2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өтетін ерлер арасындағы XVI Әлем Чемпионатына және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионатына қатысатын болады».

Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық сайыста да жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің қызметкері Ресей әскерін қолдай ма?

30.03.2022

Есть ли власть у нашей власти? Астана митингует против точечной застройки

27.12.2022

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

15.04.2021

Привлекательная инвалидность или как я искала работу на бирже Еnbek.kz

27.04.2022

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға қатысады

21.10.2020

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы

27.04.2020
MalimBlocks
Назарбаев университетінің қызметкері Ресей әскерін қолдай ма?

Есть ли власть у нашей власти? Астана митингует против точечной застройки

Очередной митинг против точечной застройки прошел в столице во вторник, 27 декабря. Организовали протестную акцию жильцы жилого массива, расположенного в квадрате улиц Мангелик Eл, Керей мен Жанибек хандар, Бокейхана и Сыганак. Люди выступают против возведения двух многоэтажных башен жилого комплекса «Mangilik residence».

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

Привлекательная инвалидность или как я искала работу на бирже Еnbek.kz

«Получение инвалидности становится социально привлекательным», - сказал однажды один из членов казахстанского правительства, рассказывая, как граждане якобы сознательно эксплуатируют социальные программы. С одной стороны, кажется, что правительство действительно очень много делает для трудоустройства людей с инвалидностью. Есть «Атлас профессий», биржа enbek.kz, стоившие бюджету бог весть скольких миллионов. Но граждане все равно недовольны. Мне захотелось проверить, смогу ли я, человек с высшим образованием, передвигающийся на коляске, устроиться на работу через enbek.kz.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға қатысады

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы