freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнұран айтудан бас тартқан ирандық футболшылардың құжаттары тәркіленді

Әлем
Әнұран айтудан бас тартқан ирандық футболшылардың құжаттары тәркіленді
Getty images

Аустралияда футболдан өткен Азия кубогына қатысқан Иран әйелдер құрамасының құжаттары мен телефондары тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

The Athletic басылымының хабарлауынша, Иран билігі футболшылардың елден қашып кетпеуі үшін алдын ала сақтық шараларын жасаған.

Яғни спортшылардың жеке құжаттары мен телефондарын жинап алған. Бұған қоса футболшылардың ұялы телефондары арнайы тыңдалғаны туралы да ақпарат тарады.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, спортшылар елден шығар алдында отбасы мүшелері мен орналасқан жерлері туралы толық мәлімет беруге міндеттелген. Сондай-ақ футболшылардан кепілдік ретінде ірі көлемде қаржы талап етілген.

Айта кетейік, Иран әйелдер құрамасы Азия кубогында Оңтүстік Кореяға қарсы матч алдында мемлекеттік әнұранды орындаудан бас тартқан еді. Мұны Иран билігі "сатқындық" деп бағалап, айып тақты. Ал спортшылардың өзі бұл әрекеттерінің нақты себебін түсіндірмеді.

Осы жағдайдан кейін Азия кубогында жеңіліс тапқан Иран әйелдер құрамасына Аустралия гуманитарлық виза берді. Бұл туралы елдің иммиграция министрі Tony Burke мәлімдеді. Сондай-ақ ол футболшылардың қауіпсіз жерге көшірілгенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу