freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне арналған кеңейтілген құрамы жарияланды

Спорт
Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне арналған кеңейтілген құрамы жарияланды
Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2026 жылғы FIFA Series турниріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық турнир 25-28 наурыз күндері Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жарыс «төрттік финал» форматында ұйымдастырылады. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы алаңға шығады. Ал екінші кездесуде Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен ойнайды.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне барлығы 50 футболшы енді. Бас бапкердің айтуынша, бапкерлер штабы ақпан айында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Премьер-лига клубтарының ойыншыларын жіті бақылаған.

Талғат Байсуфиновтың сөзінше, U-21 және U-19 құрамаларының аға бапкерлерімен бірге селекциялық жұмыс жүргізіліп, клуб бапкерлерімен кездесулер өткен және бақылау матчтары мұқият қаралған. Соның нәтижесінде FIFA талаптарына сәйкес 1 наурызға дейін 50 ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізім жолданған.

Сондай-ақ бас бапкер Премьер-лиганың алғашқы турларындағы ойындар да назардан тыс қалмағанын айтты. Ойыншылардың нақты ойын уақыты мен матч кезіндегі әрекеттеріне басымдық берілген. Оның айтуынша, екінші тур аяқталғаннан кейін турнирге қатысатын нақты құрам бекітіледі.

Байсуфинов ұлттық құраманың наурыздағы кестесі өте тығыз екенін де атап өтті. Үшінші тур 22 наурызда аяқталса, Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 25 наурызда өткізеді. Осыған байланысты соңғы тізімге дәл қазір ең жақсы спорттық бабында жүрген және алдағы кездесулерге толық дайын футболшылар енгізілмек.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу