freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иранның жаңа көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланды

Әлем
Иранның жаңа көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланды
Фото: Hadi Mizban/AP Photo/dpa/picture alliance

Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи жарақат алғанымен, оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Сұхбат 12 наурыз, бейсенбі күні жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ол жараланған, бірақ жағдайы жақсы. Оның алғашқы үндеуін қашан жасайтынын білмеймін», – деді Багаи.

Оның айтуынша, Иранның жоғарғы жетекшісі қызметіне 3-4 үміткер қарастырылған. Алайда Сарапшылар кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Моджтаба Хаменеиді таңдаған.

«Бұл біздің жүйе бір ғана адамға тәуелді емес екенін көрсетеді», – деді Багаи.

Израильдің Channel 12 телеарнасының мәліметінше, Моджтаба Хаменеи 28 ақпанда – АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылының алғашқы күні жараланған.

Ал The New York Times басылымы оның аяқ тұсынан жарақат алғанын жазды. Газеттің мәліметінше, бұл жағдай оның сайланғаннан кейін көпшілік алдына шықпауы мен үндеу жасамауын түсіндіруі мүмкін.

Моджтаба Хаменеидің Иранның жоғарғы жетекшісі болып сайланғаны туралы ресми ақпарат 8 наурызда жарияланды.

56 жастағы Моджтаба – Әли Хаменеидің екінші ұлы. Әкесі 28 ақпанда әуе соққысы салдарынан қаза тапқан. Бұған дейін ол көпшілік алдында сирек көрініп, ресми лауазым атқармағанымен, Иранның саяси элитасындағы ықпалды тұлғалардың бірі саналып келген.

Бұған дейін Иран Израильге жаңа рухани көшбасшы сайланғаннан кейін шабуыл жасаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу