freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды

Қоғам
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды
©Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті. Іс-шараға мыңға жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.
 

Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті. Іс-шараға мыңға жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Форум барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің маңызы, олардың елдің одан әрі дамуына және әділетті, прогрессивті қоғам қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ референдумның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Форумға мыңға жуық жас қатысты. Олардың қатарында студенттер, жұмысшы мамандық иелері, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, медицина саласының өкілдері, шығармашыл жастар және өзге де белсенді азаматтар бар.

Жиында Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Нұргүл Талғатбекова, сондай-ақ «Ұлар-Ұлытау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Ораз сөз сөйледі.


Жиында Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Нұргүл Талғатбекова, сондай-ақ «Ұлар-Ұлытау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Ораз сөз сөйледі. Спикерлер жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, мемлекет болашағына қатысты мәселелерде белсенді болуға шақырды.

Форум концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара барысында жас орындаушылар патриоттық әндер орындады.

Іс-шара ашық диалог пен пікір алмасуға арналған алаңға айналып, өңірдің белсенді жастарын алдағы референдумды қолдау және Қазақстанның одан әрі дамуы идеясы төңірегінде біріктірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу