freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Қазақ тілінің болашағы жарқын

Қоғам
Тоқаев: Қазақ тілінің болашағы жарқын
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесі төмендейді деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Президент барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеп. 

Тоқаевтың айтуынша, Конституциядағы өзгерістерге байланысты орыс тілінің мәртебесіне қатысты айтылған сындар негізсіз және заңнамалық сауатсыздықтан туындаған. Мемлекет басшысы осы тақырыпта жарияланған мақалалардың сапасының төмендігіне және ондағы стилистикалық әрі грамматикалық қателердің көптігіне ерекше тоқталды. Ол жарияланым авторларының орыс тілі үшін алаңдайтынына қарамастан, өздерінің бұл тілді дұрыс меңгермегенін атап өтті.

«Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде бірдей заңды күшке ие қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма?» – деді Тоқаев.

Президент бұл мәселеде ақталудың немесе артық түсініктеме берудің қажеті жоқ екенін қадап айтты.

Сондай-ақ, ол Конституциядағы жекелеген аумақтар үшін арнаулы құқық режимін белгілеу нормасына қатысты тараған «аумақтық тұтастыққа қауіп төнеді» деген сыбыстарды да теріске шығарды.

Мемлекет басшысы бұл мәлімдемелерді әлемдік тәжірибеден хабары жоқ адамдардың әрекеті деп бағалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу