"От пен су қауіпсіздігі – ортақ іс"

Malim Админ

  • 18.08.2021

Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстардағы департаменттер үшін жаздың екі түрлі қиындығы бар. Оның бірі – әрине, өрт мәселесі. Күн ысығанда дала өрттерінің жиі орын алып жататыны түсінікті. Оның тіпті, орман қртіне ұласатын жағдайлары да аз кездеспейді. Егер, өрт аймағы тым үлкейіп кетсе, жағдайды бақылауда ұстаудың қиындайтыны түсінікті. Демек, ең жақсысы – қауіпсіздік шараларын сақтау. Яғни, «сақтансаң – сақтаймын» деген қағиданы басты планға шығару. Екіншісі – су мәселесі. Жаздың аптабында табиғи су қорларында немесе арнайы бассейндерде салқынағанды кім жек көрсін. Жаз келсе-ақ өзен-көлдердің, арнайы демалыс аймақтарын толтырып тастайтын демалушылардың қауіпсіздігі жіті қадағалануға тиіс. Әсіресе, олардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге күш салу керек.

Мәселен, биыл Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары шомылук маусымы басталғалы бері 1 697 рейдтік іс-шара ұйымдастырыпты. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Құдайбергенов Қостанй облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өңірлік БАҚ тілшілері үшін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында айтты. Ол:

«1 697 рейдтік іс-шара барысында 36 мың адамға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларына нұсқау берілді. 30 мыңнан астам үгіт материалдарын табыс етті. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен суда демалуға арналмаған жерлерде 468 «Шомылуға тыйым салынады» ескерту белгісі орнатылды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының барлық аудандарында құтқарушылардың, құқықтық тәртіп сақшыларының, жергілікті атқарушы органдардың, еріктілердің қатысуымен су айдындарында профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл ретте құтқарушылар тобы демалыс күндері ұлғаяды. Олардың басты мақсаты – судағы ТЖ пайда болуының және су объектілерінде адамдардың, әсіресе балалардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу. Аталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады», дейді.

Құдайбергеновтің айтуы бойынша биыл облыста 14 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның алтауы кәмелетке толмаған. 10 адам құтқарылыпты, оның екеуі жас бала. Былтыр 17 адам су апатынан қайтыс болғанын ескерсек, қауіпсіздік мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аз да болса нәтиже берген деп есептеуге болады. Қайғылы жағдай негізінен қарапайым демалушылар мен шомылушылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болатын түсінікті. Демек, ағарту, түсіндіру бағытындағы жұмыстар бұдан ары жалғаса беруге тиіс.

Айталық, қауіпсіздіктің бір түрі – жағадан алыстамау, суға шомылуға болатын, рұқсат етілген жағалаулардың өзінде арнайы қойылған шектен ары аспау. Бұл ең алдымен шомылушыны суға батқан жағдайда құтқарып алуға мүмкіндіктің көбірек болатын болса, екіншіден, суға бату ықтималдылығын азайтады. Былайша айтқанда, су жағлаудан алыстаған сайын салқындай түсетіні белгілі. Күннің ыстығында суық суға түсу адамның буындарының тырысып, сіңірлерінің тартылуына әкеп соғуы әбден мүмкін. Демек, ыстық күндерде судың беті бір метрге дейін қызғанмен, оның ар жағы тым салқын болып жатады. Күн ысыды, су да жылиды дегенге сенуге болмайды.

Баспасөз конференциясының соңында департамент қызметкерлері шетін жағдай туындаған кезде атқарылуға тиіс алғашқы іс-қимылдар туралы нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізді. Олар суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін не істеу керек екенін және алғашқы медициналық көмекті қалай көрсететінін, дәрігер келгенге дейінгі атқарылатын процедуралар туралы нұқсаулар берді.

Енді, облыстағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне келсек. Қазір облысты өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Бір айта кетерлігі, дала өрттері жазда болса, ауыл-үй арасындағы өрттер жылыту маусымына тура келеді екен. Жыл сайын өткізіліп тұратын талдау және тұрақты мониторинг көрсеткіші осыны айқындап отыр.

Ал енді тиісті мамандар мен жауапты тұлғалар қауіпсіздік айлығында қандай шаралар атқарады? Бұл туралы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында:

«Айлық шеңберінде Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту аспаптарының өрт қауіпсіздігі сәйкестігі бойынша жеке консультациялар форматында халықпен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізеді, көрнекі үгіт материалдарын таратады, теледидар бойынша және LED - экрандарға шығару арқылы оқыту және ескерту бейнероликтерін трансляциялайды, БАҚ арқылы өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді жаппай насихаттау және т. б.», - деп жазылған.

Дала, орман өрттері негізінен табиғат пен жан-жануарлар жүниесі үшін аса қатерлі болса (әрине, адам үшін де қауіптілігі жоғары), тұрғын үй массивтері мен елдімекендер, қалалардағы өрт адам өмірі үшін аса қатерлі саналады. Одан бөлек, мүліктің бүлінуі мен жоғалуына да әкеп соғатыны белгілі. Жыл өткен сайын облыста атқарылып жатқан алдын алу жұмыстары мен қауіпсіздік іс-шараларына қарамастан, жағдай күрделене түсуде. Жыл сайынғы салыстырмалы талдауға сүйенсек, былтырғы жылыту маусымында алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда тұрғын үй секторындағы өрттердің көрсеткіші 17 пайызға артқан, қаза болғандар саны бойынша да өсім бар, яғни, 23 пайызға артып отыр. Одан бөлек, улы газбен улану бойынша 9 жағдай тіркеліпті.

Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен азаматтарға қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, өрттің алдын алуға бірлесе күш салу туралы үндеу тастады.

«Сіздің тарапыңыздан өрт қауіпсіздігін сақтау туралы мәселеге саналы көзқарассыз ТЖД қызметкерлерімен жүргізілген барлық жұмыстар нақты нәтиже бермейді. Осыған байланысты, Сізден осы мәселенің маңыздылығын назарға алуды және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсынымдарын егжей-тегжейлі ұстануды сұраймыз. Өз балаларыңызбен және туыстарыңызбен тұрақты жұмыс жүргізіңіз, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізбеңіз, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері туралы азаматтық қорғау органдарына хабарлаңыз. Өрт қауіпсіздігі ортақ іс», - дейді департамен өкілдері

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!