Өз үйінде кемдік көрген адам қоғамға сіңіп кете алмайды

  • 14.03.2023

 

Кейде өз отбасың, өз үйің ең қауіпсіз, ең сенімді жер бола бермейді.  Бұл түсінік кейде кереғар жұмыс жасап кетуі әбден мүмкін. Қазіргі қоғамның дерті мен індеті отбасындағы зорлық-зомбылық. Адам құқығы, әсіресе баланың құқығын қорғайтын заң бар. Бірақ ол заңды білмейтін, заң жүзінде өзінің қандай құқыққа ие екендігін білмейтін адамдар бар. Тіпті 1-маусым балаларды қорғау күні де енгізіліп қойды. Баланы қоршаған ортаның зиянынан, сыртқы күштерден  қорғамай жатып отбасы ішіндегі күштерден де  қорғауға тура келіп жатадынын көріп жүрміз.

Ең бірінші қателік ол баланың өз еркіндігінен айыруымыз. Мысалы, баланың жүрек қалауына құлақ аспау, мамандық таңдауына араласу, шығармашылық бағытын жетілдірмеу, өз ойын ашық айтқызбау, қатарластарының көзінше ұялту, тағысын тағы отбасында толып жатқан баланың тұлға болып қалыптасуына тосқауыл болатын мәселелерді болдырмауымыз керек. Адам үшін ең бірінші орында бас бостандығы мен тәуелсіздік, уайымсыз – қайғысыз өмір сүру. Оған заң да кепіл болады. Бірақ қоғамда көптеген заң бұзушылықтардың орны толмас қайғы мен қазаға дейін алып келетін жайттары көптеп кезігуде.

Ата-ананың отбасын тәрбиелеудегі құқықтары тең. Бостандыққа қол сұғу, еркіндігіңе тосқауыл қай жерде де болмауы керек. Қазіргі заманауи қоғамда өмір сүретінімізге қарамастан отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алуы қынжылтады. Көп жағдайда адамдар бұл туралы көп ашық жарияламайды. ҚР Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройының қорғауына құқығы бар деп жазылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлілерді ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болғанда, олар ҚР қылмыстық кодексінің 109 (ұрып соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Зорлық-зомбылықтың тұрмыстық-психологиялық қана емес сексуалдық және экономикалық түрлері де бар.

Күш көрсету зорлық – зомбылығы дегеніміз – дене күшін қолдану, денені ауырту, денсаулыққа қасақана зиян тигізуді көзделген жағдайда болады.

Психологиялық зорлық – зомбылық дегеніміз – адамның психикасына қасақана әсер етіп, оны қорқыту, қорлау, бопсалау, құқық бұзушылықтардың денсаулыққа, өмірге қауіп төндіретін, және психикалық, дене не жеке басы дамуының бұзылуына  әкелетін әрекеттерді жасауға итермелеу, еріксіз көндіру арқылы ар-намысы мен абыройын нұқсан келтіру.

Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

Экономикалық зорлық-зомбылыққа – адамның заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімі мен мал-мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Ал отбасындағы құқық бұзушылыққа былапыт сөйлеу, қорлап кемсіту, тиісу,  отбасының тыныштығын бұзу .

Біздің қоғам дерті ол зорлық-зомбылқты жасырып қалу, үндемеу. Ол отбасы үшін, денсаулығыңыз бен болашағыңыз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Отбасындағы баланың псхологиясына, өмір сүру салтына, болашағына теріс әсерлер беруі мүмкін. Кейде психологиялық-тұрмыстық зорлықтан баланың кекештігі мен тілінің уақытылы шықпауы, ортаға бейімделе алмауы, қатарластарымен тең дәрежеде тілдесе алмауы, қорқақтық, кейде тіпті қоғамдық тәртіп бұзуына, адамды қасақана ұрып-соғуына әкеліп соғады.

Елімізде зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне тап болған жағдайдағы заңы мен тиісті көмек көрсетулері бар. Осындай жағдайға тап болған жағдайда бейқамдық танытпай дереу тиісті органдарға хабарласуыңыз керек, оны өзіңізге ғана емес отбасының амандығы үшін балаларға да үйретіп, өзіңізді заңды түрде қорғауға тырысуыңыз қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар  Ішкі істер органдарына не полициялық участкелеріне  хабарласып, арыз-шағымын  қалдыра алады. Бұл үшін 1415 көмірлі сенім телефоны жұмыс істейтінін ескертеді. 

Байланысты жаналықтар

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024
MalimBlocks
Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.