Өзі ғалым, өзі судья мамандар ауадай қажет

  • 24.10.2021

      Ғылымнан қол үзбей, тәжірибені ғылыми негізге айналдыра білген судьялардың сот саласының  дамуына тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Өйткені теориядағы кемшіліктің тәжірибе барысында байқалатыны қалыпты жағдай. Әсіресе заңдарды дайындағанда заңгерлермен бірге іс мамандарының қатыстырылуы сапалы құжаттардың құрастырылуына негіз болады. Мұндайда судья-ғалымдардың жол көрсетуі, бағыт сілтеуі өзекті. Ал қазіргі қазақстандық сотта еңбек етіп жүрген судья-ғалымдар аз емес. Олардың жұмыс тәжірибесін, ақыл-кеңесін пайдаланып қоймай, еңбегін бағалау да маңызды. Осы ретте судья ғалымдардың диалогын құруға мұрындық болған Жамбыл облыстық соты мен Сот төрелігі академиясының арнайы форумы көптеген түйткілді мәселенің шешімін табуына көмектесері анық.

         Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов, Жамбыл олысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекет ғалымдары қатысқан маңызды басқосуды Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов жүргізді.

         Бүгінде республика соттарында 91 ғалым еңбек етіп жүр. Олардың арасында ғылым докторы,  PhD доктор және заң, психология, экономика, саяси ғылымдар кандидаттары бар. Форумда сот жүйесінің ғалымдары және ғылыми жарияланымдар туралы екі библиографиялық жинақ көпшілік назарына ұсынылды.

         Жалпы судья-ғалымдардың ғылыми әлеуетін қолдану, оларды қолдау мәселесі былтырғы жылы өткен республика судьяларының ҮІІІ съезінде сөз болған еді. Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолланың айтуынша, халықаралық форумды ұйымдастыруда бірнеше мәселеге баса назар аударылған.

- Біріншіден, судьяларды ғылыми атақтарға ұсынуда теңқұқықтық қағидатын қамтамасыз ету; екіншіден ғылыми дәрежесі бар судьялардың жалақысына үстемеақы қосу; үшіншіден Салық Зиманов атындағы медаль бекіту және оны сот жүйесін дамытуға үлес қосқан тұлғаларға тағайындау.  Осы арқылы сот жүйесі ғалымдарының еңбектерін, ізденістерін насихаттай отырып сот жүйесінің имиджін көтеру мақсат етіліп отыр. Сонымен бірге сот жүйесі ғалымдарының ізденістерін ынталандыру, ғылыми тағылымдамадан өту мәселелерін талқылау да бүгінгі күн тәртібінде тұрған басты мәселе, - деді Судьялар одағының төрағасы.

         Форум барысында судья-ғалымдар тәжірибеде кездесетін біршама кемшілікті сараптап көрсетті. Айталық, «Ғалымның хаты өлмейді» демекші, ғылымы дамыған елдің болашағы зор екені айтпаса да түсінікті. Біздің еліміз тәуелсіздік алғалы отандық ғылымға қолдау көрсетіп, оның дамуы үшін кешенді іс-шараларды жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметтегі ғалымдар негізгі міндеттерін атқарумен қатар, ғылыми ізденістерін де тоқтатпағаны қуантарлық жағдай. Ел Үкіметінің қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (ғалымдарға) жалақысына үстеме қосымша қаржы төленеді. Алайда судья-ғалымдар аталған қаулыда нақты жазылмаған. Сонымен қатар сот реформасын ілгерілету ісінде белсенділік танытқан тұлғаларды, сот жүйесінің ғалымдарын ерекше еңбектері үшін марапаттау мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының ведомстволық наградаларының қатарына «Салық Зиманов» атындағы медальді бекіту ұсынылды. Әрі биыл заңғар ғалым С.Зимановтың 100 жылдығы тойланғаны мәлім. Бұл медальдің бекітілуі бүкіл заңгерлер қауымдастығы үшін оң бастама ретінде қабылданатыны анық.

         Форумға онлайн қатысқан Жоғарғы Сот төрағасы ЖАҚЫП АСАНОВ та мәселенің өзекті екенін атап өтті.

– 3 жыл бұрын 17 облыстық соттың 7-еуі ескі және тар кеңсежайларда жұмыс істейтін. Осыны ескеріп 3 жыл ішінде 3 облыстық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 2022 жылы тағы да 4 ғимарат салынбақ. Осы аралықта кәсіби деңгейі төмен заңгерлерге судьялыққа жол жабылды, татуласу рәсімдері мен белсенді түсіндіру жұмысының нәтижесінде жоғары тұрған соттарға шағымдардың 27%-ға азайды. Соттар тәуелсіздігі нығайып, сот актілерінің жаңа форматы, ақтау үкімдері саны артты. Әкімшілік әділет жүйесі қолданысқа енген 3 ай ішінде 21 жаңа әкімшілік сотқа 7 мың талап арыз келіп түскен. Арыз иелерінің 60%, жеке тұлғалар, бизнес өкілдері өз мақсаттарына қол жеткізген. Азаматтық процесс бойынша «Сотқа дейінгі хаттама», «Аумақаралық соттылық», «Үлгілі шешім», «Цифрлық талдау» және т.б. жобаларды енгізу көзделіп отыр, - деген Жақып Қажыманұлы қазақстандық сотқа атқарылып, жақсы нәтиже көрсеткен біршама шаралар туралы толыққанды мәлімет берді.

         Ал осы шараның басы-қасында жүрген Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина өз сөзінде заңның рухы мен мазмұнын анық түсіну, құқық ережелерін дұрыс қолдану үшін судьялардың ғылыми құқықтық доктринаны пайдалану мәселесін көтерді.

         Форумда талқыланған тақырыпқа қатысты шетелдік мамандардың да айтары аз емес екен. Саратов мемлекеттік заң академиясының доценті Лилия Щербакова соттарды цифрландыру мәселелеріне талдау жасай келе, «Электронды сот төрелігі», «Электронды сот ісін жүргізу» және «Соттарды ақпараттандыру» туралы ұғымдардың ара-жігін ажырату қажеттігіне тоқталса, ресейлік ғалымдар С.Афанасьев пен А.Ермаков цифрлық технологияларды ескере отырып, заманауи азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері реттеу керектігін алға тартты. Ал Беларусь пен Қырғызстан өкілдері Е.Новикова мен А.Уметова қылмыс құрамының көптігі жағдайында қылмысты саралау мен жаза тағайындау, сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы сот реформасы туралы айтып берді.

         Киелі Тараз шаһарында өткен жиын соңында форум қатысушылары сот жұмысына қатысты мәселелерді осылай бірігіп талқылауға уағдаласты.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.