Пандемия кезінде еріктілердің рөлі артты

Malim Админ

  • 03.12.2020

«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановтың айтуынша, биылғы жылы еріктілердің рөлі арта түсті. Мұның бірден-бір себебі 2020 жылдың еріктілер жылы деп жариялануымен байланысты екені түсінікті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде қайырымдылық қорлары мен еріктілер қозғалысының өкілдері өздері атқаратын шаралар туралы айтып берді.

"Биылғы жылы волонтерлік ұйымдардың жұмысын қалай күшейгеніне өзіміз куә болдық. Пандемия кезінде еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үгісін көрсетті. Тәжірбие көрсеткендей, біз тек осы жылмен шектелмей, одан әрі елімізде еріктілерді де, қайырымдылық қорларды да белсенді дамытуымызға үлес қосуымыз керек", - деді И.Сламжанов.

Ал "Клуб добряков" еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева өзінен көптеген жастардың "волонтер қандай болады?" деп көп сұрайтынын жеткізді.

«Волонтердің ресми портреті жоқ. Бізде бес жасар қыз бар, ол ойыншықтарын жинап, аз қамтамасыз етілген балаларға береді. 83 жастағы әже бар, ол да ерікті: қолдан тоқыған қолғап, шұлықты қамқорлығымыздағы басқа жалғызбасты қарттарға береді. Бірақ, студенттер көп. Оларға қандай да бір сертификаттар немесе оқу гранттары берілсе екен деймін», - деді Г.Әбдірашева.

«ШҰҒЫЛА» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мейрхан Абдрахманов болса, қор қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталғанын түсіндірді. Айтуынша, көмек әлеуметтік жағдайы төмен, оның ішінде көпбалалы, толық емес, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларға көрсетіледі.

«Киім мен тұрмыстық заттар беріп, көмек көрсеттік. Соңғы 5 жылда 96 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. (96000 тоннадан астам киім) Жылу сыйла бағыты бойынша көмір таратылды. Соңғы 5 жылда 36 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. (3700 тоннадан астам көмір) Мектепке жол – мектеп кеңсе тауарларын тарату бағыты да бар. Соңғы 5 жыл ішінде 15 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. (3000-нан астам мектеп жиынтығы)», - деді М.Абдрахманов.

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?