Президент реформасы елімізді жаңа қадамға бастады

Ел тағдырына әрбір азамат жауапты. Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі жылдары болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын.

Malim Админ

  • 10.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Президент Жолдауында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас.

Президент мемлекеттік қызмет саласына жаңа буын керек екенін де естен шығарған емес. Бүгінде Үкіметтің үш мүшесі – Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі. Жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс бұдан әрі де жалғаса беретініне сенемін. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында, атап айтқанда өңдеу, жаңа технология, денсаулық сақтау, биотехнология, энергетика, цифрландыру және білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің санын көбейте түскен жөн.

Адал әрі жүйелі қағидаттар қалыптастыруды өмірлік кредосына айналдырған Президент мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілуге тиісті әрі тиімді бастамаларды анық белгілеумен бірге саяси трансформацияның нақты жолдарын көрсетіп берді. Еліміз бір жыл ішінде көптеген демократиялық жаңғыруды бастан өткерді. Аз уақытта аса маңызды шаруалар атқарылды. Реформаны жүзеге асыру аясында Ата заңның 33-бабына және 7 конституциялық заң мен 15-тен аса заңға өзгеріс енгізілді. Қазақстан жаңа мемлекеттік модельге, билік пен қоғам-ның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшкенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Хуршид Шарапов,

Сауран ауданынының мәслихат депутаты

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін