Президенттің сайлау жүйесіндегі саяси реформалары жастарға жол ашты

  • 12.11.2023

Соңғы 2 жыл көлемінде елімізде маңызды саяси реформалар жүзеге асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен азаматтық қоғамды дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы референдум, парламент және мәслихат депутаттарын сайлау, ауыл, аудан әкімдерін сайлау науқаны саяси өмірге жаңа есімдерді әкелді. Жастарға, әйелдерге арнайы квоталар бөлініп, сайланбалы органдарда жұмыс істеулеріне мүмкіндіктер молайды. Сондай жас азаматтың бірі – Жансерік Жұман. Бүгінде «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып қызмет атқаратын азаматпен осы бағытта тілдескен едік.

– Жуырда елімізде тұңғыш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Түркістан өңірі жұртшылығы, әсіресе, жастары бұл бастаманы қалай қабылдады? Сіздің ойыңызша, аудан әкімдерін сайлау арқылы таңдау аймақтарды дамытуға серпін бере ме?

– Демократия – тоқтаусыз жүріп жататын процесс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары арқылы біздің елде демократиялық процесс қарқын алды. Соңғы екі жылда ауылдар мен шағын қалаларда әкімдердің 4/3 тікелей тұрғындардың араласуы арқылы сайланды. Бұл бағыттағы жетістік бойынша ТМД елдерінің ішінде көш басындамыз. Соңғы VIII шақырылымдағы 21 сайлау округінде депутаттық босаған мандаттардың сайлауы 29 қазанда өтті. Бір бос депутаттық мандатқа орташа 4-тен астам кандидаттан келді, яғни 91 кандидат тіркелген. Бәсекелестік артып келеді. Халық сеніміне ие болған депутаттарға сәттілік тілеймін, сенімге сызат түсірмей, табысты еңбек ете беріңіздер. Айта кету керек орташа жас – 42,9. Өздеріңізге белгілі болғандай, биыл республика аумағында 45 аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Түркістан облысында 4 ауданда өтуде. Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтетін Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарында  184 сайлау учаскесі (5-уі жабық), 179 708 сайлаушы бар. 12 кандидат тіркелді. Оның 4-уі партия конференциясымен ұсынылған.

Халық бұрын өзі қалаған, қолдайтын президентін, депутатын ғана сайлай алатын, енді ауылдың әкімін, одан ауданның әкімін сайлауға мүмкіндік жасалып жатыр. Бұл құбылыс 2009 жылы пилоттық жоба ретінде өткен, енді тұрақты жалғасын тауып отыр. Сайлау бәріміз үшін маңызды, біркісідей атсалыстық.

Бұл сайлауда «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттар сайлау науқанын сәтті өткізу үшін 4 аудандағы сайлаушыларды (179 708 дам) 69,8%-ын (125 355 адам) қамтитын желілік кесте жасады, ол 641 іс-шарадан тұрады. Сонымен қатар 184 сайлау учаскесіне (5-уі жабық) кандидаттардың 184 адамнан тұратын сенімді өкілдерімен 358 адамнан тұратын байқаушылары жасақталды. Сенімді өкілдер мен байқаушылар арнайы оқытулардан өтті. Тұрғындармен, сайлаушылармен тұрақты кездесулер өтіп, ауылдардың өзекті мәселелері тыңдалды. Оның бәрі жұмыс жоспарына енетіні анық. Менімше, осындай ашық диалог, ауыл тұрғындарының мәселелерін жан-жақты сараптау арқылы билікке келген жаңа әкімдер жаңаша форматта жұмыс істейді. Олар тікелей халық алдында жауапты, уәделерін орындаулары керек. Ауылдардың, аудандардың проблемаларын білетін әкімдердің сайлануы аймақтарды дамытуға серпін береді деп ойлаймын.

– Ал бұл реформалар жеке өзіңнің саяси мансабыңа қалай әсер етті?

– Тікелей әсер етті десем болады. Алдымен партияның ішкі праймеризіне қатыстым. Жастар санаты бойынша жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты болып сайланып, бірнеше жыл қызмет еттім. Тарихи шаһарды дамыту бағытындағы жұмыстарға атсалыстық. Тәжірибе жинадық. Одан кейін облыстық мәслихат депутаттығына кадрлық резервке іліндім. Мақсат – елге қызмет ету. Мен сияқты жастар көп. Мемлекет басшысының тікелей қолдауын сезініп жүр.

– Түркістан өңірінде сайлау процестеріне тұрақты айналысып келе жатыр екенсіз. Осы ретте Ата Заңға өзгеріс енгізуге қатысты референдум туралы пікіріңізді білсек...

– Реформаға бастаған референдум сәтті аяқталды. Біздің қоғамда әрдайым халықтың ойы, сұранысы бірінші назарда және соған жұмыс істеуге бар күшімізді саламыз. Мемлекет басшысы осы орайда үлкен шешім қабылдап, Ата Заңымыздың 99 бабының 33-іне өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізгенді жөн санады. Әрине бұл үлкен жауапкершілік, саяси және геосаяси жағдайдағы өте жауапты сәт болды. Азаматтар референдумды өте жоғары деңгейде алып шықты деп айта аламыз. Себебі референдум нәтижесі бойынша Түркістан облысы көш бастады, яғни жалпы сайлаушылардың 80,66% қатысып өз таңдауларын жасады. Конституциядағы түзетулер бойынша ақпараттарға қанық болды. Заңы реттелген елдің даму қарқыны артарына сенемін. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Қазақстан Республикасында орын алып жатқан саяси өзгерістерге әлем саясаткерлері оң бағасын беріп, өз ойларын білдіруде. Елімізде өткен жалпыхалықтық референдум соның бір айғағы. Ынталы топ қалыптасып, саяси ұстаным бекуде.

– Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы бастамаларға көзқарасыңыз қалай? Замандастарыңыз туралы не айтасыз?

– Сөзімнің басында айтқанымдай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы батыл саяси реформалар жасап жатыр. Ол мемлекеттік саяси институттардың жұмысына тікелей әсер етуде. Жаңа Қазақстанда жасалып жатқан өзгерістер елді дамытуға, экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашарына сенемін. Бұл тарихта қалатын үлкен өзгерістер болмақ. Оны сарапшылар да айтып отыр.

Бұл ретте жастардың орны айрықша.  Елге қызмет ету – міндетіміз.  Ал мемлекеттің тұрақты дамуының негізі жастар болғандықтан, еліміз жастарға ерекше назар аударады. Білім беру, жұмыспен қамтамасыз ету, баспана беру елімізде бірінші орында және осы тұста қолданатын тәсілдер үлкен нәтиже бермек. Жастарға түрлі салада білім беру және сол қызметтермен қамтамасыз ету бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алу, «Дипломмен – ауылға» жобалары және өзге де бағдарламалар бар. Еліміз жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар біліктілігін мен білімін арттыруға, мамандығын бірнеше рет ауыстыруға және де жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөледі.

Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылған. Саясатқа араласуына да кеңінен жағдайлар жасалып жатыр.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасуда.  Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар.

-Дегенмен қазір саясатқа қызығатын, қоғамдағы жағдайларға сергек қарайтын жастар бар ма?

- Болғанда қандай! Қазір білімді жастар өте көп. Саяси санасы сергек әрі адалдыққа құштар. Соңғы саяси жаңалықтарды жастардың қолдауы елімізге ауадай қажет.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру – міндетіміз. Біз алдыңғы буынның, айтулы тұлғалардың адал жолын лайықты жалғастыруымыз қажет. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Ең әуелі жастар бойында, рухани адамгершілік, құқықтық тәрбие және Отанға деген сүйіспеншілік басым болу қажет деп ойлаймын. Ал ол үшін әр отбасы тәрбие беру мен отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Жастар жас шыбық сияқты, оларды қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себепті жастарды тәрбиелеу, ойы мен бойын түзеу, зор жауапкершілік жүктейді.

Түркістан облысы – демографиялық өсім және жастар саны бойынша елімізде көш басында тұр. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы халық саны  2,1 миллионнан асты. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 363 немесе халық  санының 30% құрап отыр (ер – 344 485, әйел – 309 878). Өзекті мәселелері де аз емес. Бәріміздің алдымызда ауқымды міндеттер бар.

Жастар заман талабына сай бейімделуде. Бүкіләлемдік пандемия COVID-2019 болған кезде, еліміз бойынша 2 млн. 600 мың жас қашықтықтан онлайн платформада білім алды. Оның салдары ҰБТ нәтижесіндегі орташа балдың төмен болғанымен өкінші деп қарасақ, екінші жағынан тілді жақсы меңгерген білімді жастар шет елдік мықты ЖОО, колледж тіпті мектептерінде қашықтықтан білім алуда. Бұл жастар арасында қалыптасып келе жатқан оң бетбұрыс. Жастардың әлеуметтік медиа саласындағы белсенділігі жаңа деңгейге шықты. Әлемдегі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 5 пайызы креативті экономиканың табысына тиесілі. Бұл бағытта да оң нәтижелер бар. Біз қателесуге бейім жастамыз, бұл жастардың бойындағы табиғи құбылыс деп білемін. Ештеңе жасамастан өзгенің ісін сынап отыруға болмайды.  Жастар қателесуден қорықпауымыз керек, бастысы – сол қателіктен сабақ алып, қайта қайталамау өте маңызды

Сұхбаттасқан Ғалым Ұласбек

Байланысты жаналықтар

Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді

08.11.2024

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

07.11.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

29.10.2024

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024
MalimBlocks
Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын растау 6 қаңтарда өтеді

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

Мэдисон-сквер-Гардендегі митингте әзілкеш Тони Хинчклифф Пуэрто-Риконы «қалқымалы қоқыс аралы» деп атаған еді

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын