Әлемдегі ең қарт президент қайта сайланды
Әлемдегі ең жасы үлкен мемлекет басшысы, Камерун президенті Поль Бийя (92 жаста) сегізінші мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды Malim.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Сайлау нәтижесі бойынша Бийя 53,66% дауыс жинаған. Елдің Конституциялық кеңесі нәтижелерді жариялағаннан кейін оппозиция үміткері Исса Чирома Бакари өз үйінің маңында, Гаруа қаласында жиналған бейбіт тұрғындарға оқ атылғанын мәлімдеді. Бұл жағдайға қатысты үкімет әзірге түсініктеме бермеді.
Сайлау 12 қазанда өткен, ал нәтижелерді шығару үшін елде 15 күндік мерзім белгіленген. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, дауыс беру тыныш жағдайда өткен.
Поль Бийя алғаш рет 1982 жылы президент болып сайланған және содан бері елді үздіксіз басқарып келеді. 2008 жылы ол президенттік мерзімнің шектеуін алып тастап, қайта сайлану құқығын сақтап қалды.
Жаңа жетіжылдық мерзім оның биліктегі уақытын жүз жасқа жуық мерзімге дейін ұзартуы мүмкін.
Фото: Kevin Dietsch / Getty Images