457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Учаскелік пунктегі қыздың мәйіті: бірнеше полицей жұмыстан шығарылды

Оқиға Қарағанды облысында болған еді

Қарағанды облысында учаскелік полиция қызметкері өзінің дос қызын кеңсеге әкеліп, екеуі де белгісіз заттан уланғаны анықталды. Салдарынан бірнеше полицей жұмыстан кетті. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 
 

29 қыркүйек сағат 11.00-де учаскелік полиция қызметкері қызбен полиция бөлімшесіне келген. Сол күні 36 жастағы майор түнгі ауысымда болыпты, сол кезде 23 жастағы Альмираны әкелді.

30 қыркүйекте ес-түссіз жатқан ер адам мен қызды басқа полицей байқаған. 23 жастағы Альмира полиция бөлімшесінде диван үстінде көз жұмған. Ал 36 жастағы Дәурен Досов ауруханада жатыр. Оны дәрігерлер аман алып қалды.

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінде өткен тәртіптік комиссияның шешімімен бірнеше адам қызметінен босатылды:

Михайловский полиция бөлімінің бастығы Асқар Сәдуақасов;

Михайловский полиция басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;

Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын қадағалайтын басшының орынбасары.

Сондай-ақ учаскелік полицейлер арасындағы тәртіпті сақтамағаны үшін Қарағанды ​​қалалық ІІБ-нің бірнеше басшы қызметкері сөгіс алды.

Фото: Polisia.kz