Президенттің саяси реформалары – ауылдарды дамытуға серпін берді

Malim Админ

  • 13.05.2023

  Біз – қазақ, «қазақ» болғалы басшыға бағынған елміз, ағынан жарылған елміз, береке мен бірлікті ойлап  тыныштық қалаған елміз. Қаймана қазақ қамы үшін, халықтың ынтымағы үшін жасалған «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жадымызда ұстаған елміз.

Қазақ хандығы тұсындағы хандар мен ел билеушілерінің билігі және заң жинақтарына бағынған біз қазақ халқы  бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары мен жолдауларына қолдау білдіріп келеміз. Түркістан өңірінде елдің саяси өзгерістерге көзқарасы жақсы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты ретінде  2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізу туралы қаулы қабылдады. Сарабдал саясатының арқасында ел Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін халықтың пікірін негізге ала отырып, келісіп пішкен тонның келте болмасын айқындап берді. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Ал серпіліс бізге қажет деп білемін.

 Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігіне атүсті қарамайтындығын ұғындырды. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын өзім де қолдау арқылы 1% болсада мен осы елдің азаматы екенімді, керек екенімді ұққандай болдым. "Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар" – деген  Президентіміздің сөзі жүрегімдегі патриоттық сезімді күшейткендей.

 Осы ретте Дарбаза халқы өткізілетін референдумға, заңға енгізілетін өзгерістерге оң ниет білдіріп, біркісідей ат салысып  саяси күнді салмақтады. Халықтың пайдасы мен игілігі үшін жасалатын жаңа заң жобаларын асыға күтті.  Нәтижесінде референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болып, халықтың пайдасына асатын заң жобалары дайындалды. Енгізілген өзгерістерге ауыл тұрғындары оң көзқарас танытты. Атап айтатын болсақ, ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру. Сондай-ақ  ана мен балаға, жастарға арнайы квота енгізу – халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыратындығын көрсетіп тұр. Қазақ халқы «асыл – тастан, ақыл – жастан»  деп бекер айтпаған. Жастарға қолдау болашаққа салынған инвестиция екенін түсіну керек-ақ. Осы мүмкіндік саясатта жаңа тұлғалардың болуына жол ашады.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында  «Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институтын реформалау керек. Жаңғырудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мәселен, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет» деген болатын. Мұның өзі егемен Қазақстан тарихында алғашқы ауыл әкімдерін сайлау тәжірибесі болды. Демократиялық құндылығы, азаматтық қоғамы қалыптасқан еуропалық мемлекеттерде президенттен бастап, университет ректорларын, мектеп директорларын сайлайтын үрдістің дамығанына жарты ғасырдан асты. Ал біздің еліміз сол жолға енді бет бұруда. Сең қозғалды.

 Сөзімнің соңын өзі қызмет атқарып жүрген Сарыағаш аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің жұмыс қорытындысымен аяқтасам, 33 ауылдық кітапхананы бір арнаға тоғыстырып отырған рухани орданың бұл күнде жеткен жетістіктері аз емес. Президенттің салихалы саясатын, әр тараптандырылған реформаларын, халық қолдау көрсеткен Жолдауларын  негізге ала отырып әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеуде Түркістан облысы бойынша оқ бойы озып тұр.

Кітапхана – кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Киелі ордада қызмет атқарып жүрген мен үшін кітапханашы болу – үлкен абырой, зор міндет.

 Ойымды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының мына бір сөзімен аяқтасам: «Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық  мемлекет құруымыз керек». Сондықтан да, ойымыз ұшқыр, келешегіміз кемел болсын!

Ақмарал Ергешова,

Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық кітапханасының қызметкері

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін