Қалың қарды видеоға түсірген тұрғын әкімнен кешірім сұрады

Malim Админ

  • 08.10.2021

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында әкім қалың қар жауғаны жайлы видео түсірген қарт әйел тұрғынды кешірім сұратты.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылындағы қарт әйел қалың қар жауғанын видеоға түсірген. Видеода тұрғын 6 қазан күні қалың қар түсіп, тап бір қаңтар мен ақпан айындағыдай екі метр қар үйіліп қалғанын айтады.  Қарлы боран соғып, есігі ашылмай, үйден шыға алмай қалғанын жеткізеді.  Яғни видеода тек ауа райы айтылған.

Табиғаттың тосын мінезін таспалап алған зейнет жасындағы егде әйелді жергілікті атқамінер айыпты етуге асыққан.

"Кешірім сұрау" видеосында тұрғын бұл видеоны тек туыстарына жібергенін, ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізеді.  Тұрғын таңертең немересін мектепке жібергенде есігі ашылмай қалып, қарды тазалағанын айтады. Қарт әже видеоны қайнысына жіберіп, артынша туыстары таратып жібергенін жеткізді.

Видеоны түсіріп тұрған ер адам "сол үшін әкімшіліктен келгенін" айтады.

Шағым жасайтын адам емесін тағы бір шегелеген тұрғын видео соңында кешірім сұрайды.

Алайда аудан басшылығы кейіннен ағаттық жіберілгенін түсініп, ұятты жағдай үшін ақталуға тырысты. Tengrinews-тің хабарлауынша, Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов видеоны түсірген мемлекеттік қызметкер жазаланатынын жеткізіпті.

"Ауданда бір тәуліктің ішінде жарты айда түсетін қар жауды. Біз төтенше жағдай жариялап, әкімдерге тұрғындар өтініштерін қарап, шешуді тапсырдық. Бұл әйел ауласын қар басып қалып, үйден шыға алмай жатқаны туралы видео жариялаған. Ондай видеоны басқа ауыл тұрғындары да жіберді. Әкімдер сондай тұрғындардың үйіне барып, техниканы ұйымдастырып, қар күрегені жайлы видео жіберген. Ал мына жолдас оның үйіне бардым деп есеп берген. Дұрыс түсінбеген. Бұл әйелдің күйеуі мүмкіндігі шектеулі адам, ауланы қар басып қалса, адамдар тауып, ауланы күре. Барлық әкім солай жасады, ал мына жерде тапсырманы дұрыс түсінбеген", - дейді Кәрімов Tengrinews агенттігіне.

Тәңірберген Арғын.

Фотоколлажға Баянауыл әкімдігі мен Tengrinews.kz сайтының суреттері қолданылды

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін