“Қаңтар қасіреті: шындық пен әділдік керек!” - Алматыда қоғамдық талқылау өтті

Айшолпан КЕРІМ

  • 06.07.2022

“Қаңтар қасіреті: шындық пен әділдік керек!”. Алматыда осы тақырыпта құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық комиссиялар, адвокаттар және қаңтар қырғынында зардап шеккен азаматтардың қатысуымен қоғамдық талқылау өтті. 


Қаңтар қырғынында жапа шеккендердің ісімен айналысып жүрген адвокаттардың бірі Ринат Баймолда қаңтар қырғынында көлігіне жүзге жуық оқ атылған қорғалушысы жайлы айтып берді.

“Қаңтарда Толыбаев Еркебұланның көлігінде өзі, әйелі, екі баласы мен кішкентай Айару есімді жиені болған. Көлікке оннан аса адам оқ атқан. Біздің соңғы есептеулерімізге сәйкес, шамамен жүзге жуық оқ атылған. Құдай сақтап, екі бүлдіршін аман қалған. Өкінішке қарай, Айару мамыр айында мүгедек болып қалғаны белгілі болды. 5 жасар Айарудың жамбас сүйегіне оқ тиген, сондықтан қазір жағдайы өте қиын. Толыбаевтың жұбайы да қазір мүгедектік алған болса керек, себебі оқ тізе тұсына тиген. Еркебұлан жарақаты жеңіл болып, ауруханадан ертерек шықты. Біреу іздеп, тергеген адам болмаған. Бір аптадан аса уақыт өткен соң Еркебұлан полицияға өзі хабарласқан. Құзырлы органдар, полицияның бірде-бір өкілі сотқа дейінгі іс тіркеу бойынша хабарласпаған”, - дейді ол.

 

Бұдан бөлек жиынға қаңтарда оққа ұшып, қаза болған азаматтардың жақындары мен түрлі айыптаумен абақтыға түскен жастардың туыстары да келді. Арнайы Тараз қаласынан келген Нигора есімді келіншек 21 жаста шейіт болған баласын жоқтай келіп, биліктен құн төлеуін талап етті.

— “Есімім Нигора, медбикемін. Ұлым Байжанов Ержан 7 қаңтар күні құпия жағдайда қайтыс болды. Алты ай өтті, сол уақытта не соты болған жоқ, не кінәлінің кім екені, кімнің не үшін оқ атқаны белгісіз, тек өлгені жайлы хабарын берді, болды. Достарымен кездесуге кеткен ұлымды ертесіне облыстық мәйітханадан таптым. Екі аяғына оқ тиген, бауырына тиген оқ кеудесін жарып шыққан. Ержаным - жалғыз ұлым еді, ешкімім қалмады, қайғыдан екі рет отаға түстім. Қазір қолымнда ұлымның қара топырағынан өзге ештеңем жоқ. Мен құн сұрай келдім”, - деді ол.

Өксігін тыя алмаған Нигора артынша баласының әскери болуды армандағанын еске алды.

“Балам әскери қызметкер болуды армандайтын. 18 жасында менің қарсылығыма қарамастан, өз еркімен әскерге барып қайтты. Елді қорғауды арман еткен баламды ешкім оқтан қорғап қала алмағаны ма?”

Қаңтар қырғынына байланысты алғашқы сот шешімі бойынша Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан 5 жылға сотталған еді. Екеуі де 1999 жылы туған, 22 жаста. Оларға Қылмыстық кодекстің 291 бабы 3 бөлігі бойынша ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") айып тағылған.

Жиынға Бақыт Оңтайдың анасы Ақмарал Байсейітова да келді.

 “Қаңтар айында отыз минут ішінде онлайн сот өтті де, балам бес жылға сотталып кетті. Жап-жас жазықсыз баланың тағдырын отыз минутта шеше салды. Онымен қоймай абақтыда аямай азап берген. Өткен аптада екі күн бірге болуға рұқсат берді. Баланың дымы қалмаған. Тыныс алуы қиын, қаншама уақыт үлкен дәретке отыра алмаған, дәретінен қан кеткен. Автозакқа тиеліп барған он екі баланы 50 СОБР күтіп алған, өзіңіз енді елестете беріңіз. Бала әуелі Еңбекшіқазақ ауданында, кейін ДВД, СИ-18, қазір енді жазасын өтеу мекемесінде азап көріп жатыр. Балам қазір жақ ашпайды, бәрі жақсы деп қоя салады. Бірақ мен анамын ғой, сеземін бәрін. Бір тал балам, көзімнің қарасындай өсіріп жеткіздім, енді келіп оны халық жауы сияқты отыз минут ішінде соттап жіберіп отыр”, - деген Ақмарал өксігінен сөзін жалғастыра алмады. 

Айтуынша, Байсейітованың жолдасы қаңтардың 31 күні о дүниелік болған. Абақтыда отырған баласына қайғылы хабарды тек сәуірде  жеткізген. Содан бері бала тіпті сөйлеуден қалған.

“Осы істің ақ-қарасын ажыратып берсін. Балаларды азаптағандар жауапқа тартылсын!”, - деді ол. 

Бірнеше сағатқа созылған жиын соңында талқы қарары айтылды.

– Қаңтардағы қантөгіске әкеп соққан оқиғаға басты кінәлі бұрынғы және қазіргі президенттер, ІІМ, Бас прокуратура, полиция, ҰҚК басшылары деп есептейміз. Қаза тапқан бейбіт адамдардың тізім жариялансын. 

– Марқұмдардың отбасына полиция қызметкерлеріне төленген жәрдемақы берілсін

– Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілініп, қамалғандардың барлығы, қару алып, оқ атқандардан басқалары бостандыққа шығарылсын

– Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша айыптаулар қысқартылсын

– Бейбіт жиынға келіп, арандатушылардың алдауына, қорқытуына  ұрынғандарға кешірім жасалсын

– Тергеуге дейін және кейін азапталған, соққыға жығылған күдіктілерден алынған мойындаулар мен жалған хаттамаларға қойылған қолдар, түсініктемелер заңсыз деп, олар сот процессінде жарамсыз деп танылсын.

– Оқиға күндерінде және одан кейін жарақат алғандардың, абақтыда азаптаулардан денсаулығына зақым келгендердің барлығы жәбірленуші саналып, оларға жеткілікті мөлшерде өтемақы төленсін

– Ұрып-соғу, қинауға қатысқандар, қызметтік өкілетін асыра пайдаланғандар қатаң жазалансын

– Сот процесстері ашық, жария, онлайн емес, оффлайн түрде, көпшіліктің қатысуымен тікелей сот залдарында өткізілсін, - делінген қарар мәтінінде. 

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды