Қазақ тілін реформалау әліпби өзгерту ғана емес

  • 15.04.2023

 

Қазақ тілін реформалау мен насихаттау, оны қолданысқа енгізу  оқу орындары мен қоғамдық орындары болсын, жұмыс мекемелері, мектептерде, өмір сүру салтымызға енуі тиіс. Тіл саясатының жазылмаған заңы сол. Себебі, біз сияқты бірнесе этнос өкілдері тұратын елде және кеше ғана бодандықта болған, орыстандыру саясатын басынан өткізген елде мұндай мәселелерге қоғамдық даму тұрғысынан келу өте маңызды.

«Тәрбие – тал бесіктен» десек, тіл саясаты, мемлекеттік тілді дамыту, қолдау мәселесі мектептен басталады. Әрине, әр адамның отбасында қай тілде сөйлеуі де маңызды фактор. Дегенмен, қазіргі уақытта өз ана тілін білмейтін немесе толыққанды меңгермеген, өсйлеуге ұялатын адамдардың бар екенін ескермей бомлайды. Сондықтан, тіл саясатына қатысты қарым-қатынас мәселесімен айналыспай болмайды. Әрине, бір уақыттарда Алматы қаласында жалғыз ғана қазақ мектебі жұмыс істеген уақыттар болған. Қазір, еліміз бойынша қазақ мектептерінің саны орыс мектептері мен аралас мектептерден әлдеқайда көп. Дегенмен, ұлттық республика құрамыз деп талпынып жатқан елде мұндай көрсеткішке тоқмейілсіп қарап отыруға болмайды. Мемлекеттік тілді қоғамдық негізде дамыту дегеніміз қоғам өкілдері шығу тегіне, ұлтына қарамай қазақ тілін дамытуға қызығушылық танытатын деңгейге жету деген сөз.

Сонымен, өткен жылғы есеп бойынша елімізде оқу жылы бойынша 3,7 миллион баланы қамтитын 7637 мектеп жұмыс істеген. Оның ішінде 3738 қазақ тілді, 1121 орыс тілді мектептер, ал, 2778 мектеп аралас мектеп. Бұл жерде тағы бір статистиканы көрсете кеткен маңызды сияқты. Себебі, қай мектептерге ерекше көңіл бөлінетінін де біле жүрген абзал. Бұл қазіргі уақытта қай мектептерге сұраныс көп екенін көрсетеді деуге болады. Пайыздық мөлшермен есептегенде жалпы қазақтілді мектеп – 49 пайыз, орыстілді мектеп – 15 пайыз, ал аралас мектептер - 36 пайызды құрайды, 261 мектепке күрделі жөндеу жасалған.

2022 жылы наурыз айында gрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдаған болатын. Фзылжанова «институт үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыт – қазақ тілі тіл білімінің теориялық  аспектілерін дүниежүзілік тіл білімінің даму жағдайында қарастыру, зерттеу. Екіншісі-қазақ тілін цифрландыруға көшу, атап айтсақ, қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпараттық ресурсты құру. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау»,- деп атап өтті.

Өткен жылғы статистика бойынша бір жылдың ішінде 697 мектеп іске қосылған. Оның бесеуі жаңа қазақтілді мектеп, аралас мектеп 731 мектеп, орыс мектептің 39-ы жабылған. Сонымен қатар екі тілде оқытатын мектептерге биыл басымдық беріліп отырғанын байқауға болады.

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысында мемлекет басшысы мемлекеттік тілді реформалау туралы айтты. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу ұлттық кеңесте талқыланды. Ол мәселеге асығыс жол берілмейтінін, жаға әліпбидің барлық аспектілерін мұқият тексеру оны жан-жақты талдау керектігі жайлы айтты.

Сондай-ақ, ол мәселеге ғылыми тұрғыдан қарап, жеңілдетуге болмайтынын, тілімізді жаңғыртқымыз келсе, ең алдымен оны реформалау керектігін айтып өтті.

Президент реформалар мен модернизация тек қазақ тіліне қатысты болатынын айтты.

«Біз қазіргі саяси жүйені реформалаудың маңызды қадамын жасаймыз. Саяси бастамалардың алғашқы топтамасын мемлекет нығайтты. Ұлт үшін мұндай тағдырлы мәселеде үгіт-насихат пен жеңілдік қабылданбайды»,- деді.

Қазақ тілін реформалау тек әліпбиді өзгертумен ғана шектелмеуі тиіс. Ол үшін жаңа терминдер мен тілді ғылым тіліне айналдырып, жаңа туындылар мен шығармаларды қазақ тіліне аударып, тілімізді дәріптеу мақсатында өскелең ұрпаққа анимациялық тіл үйрету бағдарламалары мен жобаларды дайындауымыз қажет.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.