Қазақстан Медиа Альянсының атынан мәлімдеме

Кейінгі уақытта Қазақстанда шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеуді заңнамалық тұрғыда реттеуге қатысты түрлі пікір  айтылып, оны  резонанстық тақырыпқа дейін жеткізу әрекеті байқалып отыр.

Malim Админ

  • 01.02.2024

Қазақстан Медиа Альянсы өз тарапынан  бұл жағдайдан қандай да бір астар іздеу орынсыз деп санайды.  Шетелдік БАҚ-тың қызметі жайлы талаптың заңнама тұрғысынан қаралып отырғаны әлемдік тәжірибе. Кез келген елдің ақпараттық қауіпсіздігі жолындағы жасайтын процедурасы. 
Қазіргі уақытта елімізде  әлемнің 15 елінен  шетелдік 39 БАҚ аккредиттеуден өтіп,  олардың 160 журналисі елімізде қызмет етіп отыр. Бұл дегеніміз - Қазақстанда шетелдік БАҚ-тың жұмыс істеуіне қандай да бір шектеу жоқтығының бірден-бір көрінісі. 
Айта кетейік,  Қазақстанда шетелдік БАҚ-ты тіркеуде алдын ала хабарлау  механизмі ғана қолданылып келеді. Көп жағдайда шетелдік журналистер тарапынан Қазақстан заңнамасын бұзу жағдайлары жиі кездесіп тұратынын да айта кеткен жөн. Ал әлемдік тәжірибеге қарар болсақ, егер шетелдік БАҚ өкілдері жергілікті заңнаманы бұзған жағдайда тіпті акредитацияны қайтарып алу механизмі бар. Мәселен, АҚШ пен Түркияда аккредитацияны қайтарып алумен қатар, сол елде журналистік қызметті жалғастыруға тыйым бар. Әр ел өзінің заңнамасында шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін реттеу нормаларын әлдеқайда қарастырған.
Жалпы шетелдік БАҚ өкілдерінің өзге елде қызметін жүргізу үшін тіркеуге алу кең таралған әлемдік тәжірибе. Басқасын айтпағанда, әлемнің озық елдері АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Сингапур, Малазия сынды елдерде де осы тәжірибе заң жүзінде бекітіліп, қолданылып келеді, ал шетелдік БАҚ өкілдеріне әр елдің қояр талабы қатаң. 
Ал енді Қазақстанда  тіркеуге алынбаған шетелдік БАҚ өкілдерінің жұмысын  заң жүзінде реттеу осы әлемдік тәжірибеге сай жасалып отырған қалыпты жағдай.  Қазақстан Медиа Альянсы  тіркеуге алынбаған шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін  заңнамада реттеуден қандайда бір теріс әрекет не шектеу көру әлемдік тәжірибеден хабарсыздық деп ойлаймыз. 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін