Қазақстанға  жұмыс істеуге келген қытайлықтар көп    

Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1693 жұмыс беруші бар

Malim Админ

  • 28.04.2023

Қазақстанда қанша шетелдік  жұмыс істейді? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 14 417 шетел азаматы жұмыс істеп жүр. 

Шетелдік жұмыс күші арасында  басшылар мен олардың орынбасарларына - 584 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына - 3028 рұқсат (екінші санат) берілген. 

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарына - 7186 рұқсат 881 адамға тиесілі. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1302 адам, корпоративтік ауысым аясында 1437 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп саны келесі салаларда жұмыс істейді: құрылыс - 5 262 адам (37,3 пайыз), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 441 адам (10 пайыз), ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 143 адам (8 пайыз), кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте - 979 адам (7 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде - 883 адам (7 пайыз).

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай - 3493 адам (25 пайыз), Үндістан - 1722 адам (12 пайыз), Түркия - 1483 адам (11 пайыз), Өзбекстан - 1461 адам (9,3 пайыз).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілеп бөледі. 2023 жылы жалпы квота елдегі жұмыс күшінің 0,24 пайызын немесе 22 260 бірлікті құраған.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін