«Қазгидромет» су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

Malim Админ

  • 04.03.2024

«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамды шығарды. Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректеріне сәйкес жасалды.

«Қазгидромет» РМК өңделген «NASA» спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қармен жабылған аумағы 72% құрайды.

"Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді", - делінген хабарламада. 

Қатер жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары.

Қатер орта: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.

Қатер төмен: Маңғыстау облысы.

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды