Қоғамдық ұйым жетекшісі министр Тұрғымбаевтың үстінен шағымданды

Malim Админ

  • 03.02.2020

Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

Автожүргізушілерге құқықтық көмек көрсететін "ОСА" қоғамдық ұйымының жетекшісі Руслан ЛАЗУТА шетелден әкелінген көлік дауын ішкі істер министрлігінің өзі тудырды дейді. Р.Лазутаның айтуынша, шетелден көлікті тіркемей елге әкелуге ішкі істер министрлігі жол беріп, мәселеге салғырт қараған. Қоғамдық ұйымның жетекшісі ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ пен оның орынбасары Марат ҚОЖАЕВТЫҢ  үстінен прокуратура мен полицияға арыз түсірген.

– Руслан мырза, үкімет шетелден көлік әкелген жүргізушілердің  уәжіне құлақ асқандай болып, оларды уақытша тіркеуді ұсынған. Бірақ бұдан нарызылық басылмады. Жүргізушілердің ендігі талабы не?

– Бұл дауға ішкі істер министрлігінің басшылығы кінәлі. Өйткені осы жағдайды әу бастан бақыламай, жол берді. Армения автомобильді шекарадан шығарды, ал Қазақстан оны кіргізді. Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғалары "ешқандай проблема жоқ, автокөліктерді әкеле беріңдер, қосымша ештеңе төлемейсіңдер, бізді оны есепке алу ғана қызықтырады, оларды электронды тіркейтін жүйе ашамыз, тегін тіркейміз" дегенді маусым айында ғана мемлекеттік арналардан айтты. Сөйтіп, азын-аулақ тиын-тебенін көлікке жинаған жұрт шенеуніктерге сеніп қалып, шетелден көлік алды. Аз уақыттан кейін шетелден келген көліктерді тіркеу мәселесі туындады, осылайша, шенеуніктерге сенген жұрттың аузы күйді. Онда да "шетелген әкелінген көліктер елде заңсыз жүр" дегенді осыдан бірнеше ай бұрын ғана "шетелдік көліктерді әкеле беріңдер" деп сендірген лауазымды тұлғалар айтты. Енді халықты бір рет алдап соққан шенеуніктерге қалай сенесің? Мұндай адамдар отставкаға кетуі керек. Егер шетелдік автокөліктерді шекарада тоқтатып, уақытша кіргізу жөніндегі декларация толтыруды жолға қоймаса, бұл біздің емес, ішкі істер министрлігінің бас ауыртатын шаруасы. Осы жұмысты қолға алуы керек еді. Осыған жол берді ме, енді мәселені өздері шешсін.

– Олар мәселенің шешімі ретінде әзірге көлікті уақытша тіркеуді ұсынды.

– Уақытша тіркеу – мәселенің шешімі емес. Оның өзінде көлікті тіркеу үшін 1 300 000 теңге төлеу керек. Ол үшін көлік Еуро-4 стандартына сай болуы керек, ал Армения, Қырғызстаннан келетін көліктер оған сай келмейді.

Ішкі істер министрлігі жағдайды ушықтырып, "шетелдік нөмірлі көліктер жол-көлік оқиғасын көп жасайды" деген уәж келтіреді. Сөйте тұра шетелдік нөмірлі көліктер есепке алынбаған дейді. Егер олар есепке алынбаған болса, әлгі статистиканы қайдан алған? Қысқасы, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, оның орынбасары Марат Қожаев, әкімшілік полиция комитетінің басшысы Марат Тұяқбаев пен  әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Юрий Козловтың үстінен прокуратура мен полицияға арыздандым. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің 370-ші ("қызметтік әрекетсіздік") және 371- бабы  ("салғырттық")  бойынша іс қозғауды сұрадық. Өйткені жұрт жиған-тергеніне көлік сатып алып жатқан тұста бұл лауазымды тұлғалар әрекетсіз отырды. Енді бұл шенеуніктердің әрекетсіздігіне полиция мен прокуратура баға берсін. Ішкі істер министрінің орынбасары Қожаевты мұнымен қоса "жала жабу" бабы бойынша жауапқа тартуға болады. Неге десеңіз, ол "Қазақстандықтар Армения азаматтарымен бірігіп, түрлі қулық пен алаяқтыққа барып, елге автомобиль әкеп жүр" деген сыңайда мәлімде жасады. Кез келген мәлімдеменің негізі болуы тиіс, ең болмағанда сөзін негіздейтін сот шешімі болуы керек. Ал мұндай қылмыстық іс те қозғалған жоқ. Сонда Армения мен Қырғызстаннан көлік әкелген 200 мың адам алаяқ па?

Қоғамдық ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында лауазымды тұлғалардың үстінен іс қозғауды сұрайтын өтініш үлгілерін ілдім.  Қоғамдық ұйымға мүше адамдар мен өзге азаматтар да олардың үстінен арыз жаза алады.

– Сіздің ойыңызша, шетелден әкелінген көлікті тіркеу мәселесі қалай шешілуі керек?

– Біз шетелден келген көліктер тегін есепке алынсын деп тұрғанымыз жоқ. Ең болмаса ақылға қонымды баға белгіленсе дейміз. Баж салығы мен утилизация алымы бізде неге сонша қымбат? Ресейде ол небәрі 5600 рубль. Алдымен мәселе шешімін тапқанша көліктерді есепке алуға уақытша мораторий жариялансын. Екіншіден, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділерді шақырып, келіссөз жүргізуі керек. Үшіншіден, көліктерді онлайн тіркейтін жүйе жасалғаны дұрыс. Төртіншіден, Еуразия экономика одағынан әкелінген кез келген көлік елде техникалық байқаудан өте алуы керек. Бұл жерде ішкі істер министрлігі қателікке жол берді ме, олай болса соны мойындап, адамдарға сол көлікпен еркін жүруге мүмкіндік берсін.

Фото: ekaraganda.kz

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Байланысты жаналықтар

Талғарда өртенген марқұм Шерзаттың үйіне Ішкі істер министрінің орынбасары келді

12.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

21.09.2024

Армения модульдік АЭС салу туралы стратегиялық шешім қабылдады

20.09.2024

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

19.09.2024

Н. Пашинян: Армения ҰҚШҰ органдарына қатысуын тоқтатады

31.08.2024

Бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды

08.08.2024
MalimBlocks
Талғарда өртенген марқұм Шерзаттың үйіне Ішкі істер министрінің орынбасары келді

Ол тергеу барысы жайлы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Армения модульдік АЭС салу туралы стратегиялық шешім қабылдады

Бұл туралы Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалған

Н. Пашинян: Армения ҰҚШҰ органдарына қатысуын тоқтатады

Дегенмен Ереван басқа шешімдер қабылдамақ емес

Бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды