457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құтқарушылар 18 шақырым жаяу жүріп, науқасты ауруханаға жеткізді

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 шақырым бойы жол талғамайтын көліктің алдында ақтүтек боранда жаяу жүрді.

Құтқарушылардың бірі қарауыл бастығы Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша: «Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз».