Қысқа мерзімде өткізілген 5 саяси науқанның мәні ерекше

Malim Админ

  • 21.11.2023

Соңғы екі жылдан астам уақыт ішінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Әсел Баймахановаға қойған едік.

Былтыр референдум өтті. Оны Түркістан халқы қалай қабылдады?  Сіз референдумға атсалыстыңыз ба?

Референдум – бұл жалпыхалықтық дауыс беру. Онда мемлекеттің болашағына байланысты маңызды мәселелердің шешімі шығарылады. Әдетте референдумның күн тәртібіне "иә", "жоқ" немесе "келісемін", "келіспеймін" деп жауап беруге болатын сұрақтар енгізіледі. Референдумды маңызды заң жобасын қабылдауда, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде өткізеді. Түркістан облысында саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтар саны басқа өңірлерге қарағанда көбірек. Жалпы оңтүстіктің жұртшылығы бүгінгі шараға қатысуы ерекше болды. Науқан мереке сияқты өтті десек болады. Жастар да, аға буын да белсенді қатысты.

Референдумнан кейінгі заңдағы өзгерістерге көзқарасыңыз қандай?  Ол елдің дамуына серпін бере ме?

 

Менімше, серпін беруі тиіс. Бірақ уақыт керек. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыруда. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Мемлекет басшысы айтқандай, қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Маған «Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау оң әсер етті. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл аталған ресурстардың кімге тиесілі екендігі мәселесінде ақырғы нүктені қояды. Мемлекеттік институттар тек халықтың атынан осы ресурстарды басқаратын болды. Сондай-ақ Конституцияда билікке қатысты ұқсас режим, идея бар екенін атап өткім келеді. Конституция бойынша билік халыққа тиесілі. Алайда халық өз билігін мемлекеттік институттар арқылы жүзеге асырады.

Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды.  Мажоритарлық жүйе енгізілді.  Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Сіздің ойыңызша осы өзгерістер жаңа тұлғаларға саясатқа жол ашты ма?

Конституциядағы жаңа өзгерістерге байланысты Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау 2 жолмен жүзеге асты. Оның бірі – пропорционалды, яғни партия атынан ұсынылса, ал екіншісі мажоритарлық жолмен сайланды. Алдымен соған тоқталайық. Мажоритарлық тәсіл арқылы жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық азамат сайланады. Демек, ауылға, аймақтың халқы өзін кандидат ретінде ұсына алады. Ол үшін үміткердің қоғамдық ұйым мен партияның мүшесі болуы міндетті емес. Бұл өзгеріс ауыл-аймақтағы белсенді, қайратты тұлғалардың үмітін оятты. Бір мандатты округтен сайлаудың тағы бір ерекшелігін айта өтейін. Ол – императивті мандат. Былайша айтқанда, қайтарымды мандат. Бір мандаттық округпен келген депутаттарға сайлаушылары әсер ете алады. Мысалы 1 жыл бойы жұмыс істейді ғой. Бір жылдан кейін егер халықтың көңілі толмайтын болса, дауыс берген азаматтардың 10 пайызы бұл депутат сәйкес емес қайтаруға мүмкіндік алады. Осы талаптардың бәрі елге шын қызмет етемін дейтін адамдарды ғана мәслихаттарға жетелегені сөзсіз. Жастар да өз мүмкіндіктерін пайаланып жатыр.

Ауыл әкімдерін елдің тікелей сайлауына пікіріңіз қалай?

Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылда тұрады. Яғни, ауылдағы проблемаларды шешу өте маңызды әрі өткір мәселе. Қоғам тарапынан бұрыннан бері ауыл әкімдерін сайлау туралы талап қойылып келе жатыр еді. Ол ескерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұн­дай жүйе­нің қалай жұмыс істей­тінін нақты білуі­міз керек. Алайда бұл мәселенің шеші­мін кейінге қалды­руға болмайды. Келесі жылы бірқа­тар ауылдық округ әкімдерінің өкілет­тік мерзімі аяқталады. Ауыл әкім­дерінің тікелей сайлауын өт­кізуге бола­ды деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуы­мен қатар, мемлекеттік басқару деңгей­лері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқын­дап алуымыз қажет», деген болатын. Уақтылы әрі сапалы жүзеге асқан реформаның бірі болды. Түркістан облысында 140-тан астам ауылда әкімдер сайланды. Әрине, бастапқыда қиындықтар болған шығар. Бірақ қазір сайлау жүйесін ел түсініп қалды.

Өзіңіз басқаратын және қызмет ететін мекеменің жетістіктеріне, жұмыстарына тоқтала кетсеңі.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ түрлі бағытта жұмыстар атқарады Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесуге көмектеседі.  Бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамытыуға, өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсетуге де басымдық берілген. Сонымен бірге жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жүргізу және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесуге мән берілген. Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру және жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сұхбатыңызға рахмет!

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.