Референдум – тарихымыздың маңызды белесі
2022 жылы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдум еліміздің қоғамдық – саяси өмірінде 2022 жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі болғаны сөзсіз. Жалпы референдум –маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру.
Орталық комиссияның мәліметі бойынша еліміз бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 11 734 642 адамның 68,05 пайызы немесе 7 985 769 адам қатысқан болса, олардың 77,18 пайызы конституциялық реформаларды, яғни ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдап дауыс берді. Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасының нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажориталды сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушыларлың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Референдумда конституцияны, конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыру енгізу, республиканың өзге де маңызды мәселелері қамтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде былай деген болатын. Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ - абырой үшін қолға алынған жоқ. Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Мұның бәрін Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз деген болатын.
Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын берді. Дауыс беретін нысанда көрнекті жерде референдумға қойылған Конституция, оған енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың мәтіні ілініп алдын ала таныстырылды.
Әрине, жай ғана заңды Парламент қабырғасында қабылдай салу мен оның халықтың талқысына салудың айырмашылығы оразан зор. Конституциялық реформаны қамтып отырған референдумда әділетті қоғам құруға барлық қадам жасалып отыр. Референдум нәтижесі – еліміздегі демократиялық үрдістердің тағы бір үлкен жеңісі. Еліміздегі билік суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшетіндігі, яғни Президент өз өкілеттілігі кезеңінде саяси партия құрамында болмайды. Бұл тыйым Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссияның, сондай- ақ ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелеріне қолданылады. Өзгертулер мен толықтырулардың артықшылығы – саяси бәсекелестікті арттыру және барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасалуында. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев референдум нәтижесінде билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптасыруға, мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндік туғанын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесінің нығайғанын айтты.
Аталмыш референдумда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылдан тұратынын, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің тарихындағы айтулы белес екендігін айтқан болатын. Референдумда көрсетілгендей азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы әкімдер биліктің әрбір елді мекеніндегі тікелей өкілі, халық олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Әкімдер жергілікті мәселелерді жетік білетін, тұрғындарға етене таныс, олармен қоян - қолтық жұмыс жасайтын адамдар болғаны жөн. «Әкім бол –халқыңа жақын бол» деген сөздің мәні осында болса керек.
Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын референдум барысы көрсетті.
Түркістан халқы үшін де референдумның маңызы өте зор екендігін дауыс беруге барған азаматтарымыздың белсенді қатысуынан байқадым. Мен де зайырлы мемлекеттің азаматшасы ретінде сенім мен үміт арта отырып жақсы көңіл – күймен референдумға қатысып Жаңа, Әділетті Қазақстанның өркендеуіне тамшыдай болса үлесімді қостым деп ойлаймын. Түркістан облысы – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да өзге өңірлерге қарағанда көп. Референдумға 1 млн 163 мың тұрғынның 80 пайыздан астамы қатысып, таңдауын жасады. Осылайша, Түркістан облысы халық белсенділігі жағынан республикада бірінші орынға шықты. Жалпы Референдумға дайындық кезінде облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 1500-дей кездесу өткізді. Оған 180 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Өңірдегі 914 сайлау учаскесінде 6500 бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады.
Референдумнан кейін Президентіміз Үндеу жасады.
«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз», деді Мемлекет басшысы.
Қорыта келгенде, Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Жаңа Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетін болады. Жаңа биіктерге ұмтылған әділетті қоғамымыздың келешегі кемел болсын. Елімізді дамыту үшін әлі көп жұмыстар атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз!
Жансулу Журкаева,
Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.