Референдум түйсікті жанды толғандырмай қоймайды

Malim Админ

  • 04.12.2023

Мен дүниеге келіп, тәуелсіз елімнің топырағын тәй-тәй басқан шағымда екі мәрте референдум өткізілген екен. Ол кездері мектеп табалдырығын әлі аттай қоймаған маған бұл саяси науқандар таңсық болды. Енді, мені үкілеген үмітпен өсіріп, баптап, оқытқан туған жеріме қызмет етуді парыз етіп санаған жасымда мемлекетімізде елеулі оқиға болды. Ол – 5 маусымдағы жалпыұлттық референдум. ҚР азаматы ретінде менде бұл саяси науқанға бей-жай қарамадым. Әрине халқымыздың болашағын қамтитын мәселелерде, құқықтары мен бостандықтарына және мемлекетке маңызы бар саяси оқиға қарсаңында кім тыныш жатады? Осы науқанның өтілу тәртібі мен орын алатын өзгерістері жайлы біздің Түркістан облысының халқының пікірлері әлеуметтік желілер мен теледидарларда, баспа беттерінде дүркін-дүркін жарияланып жатты. Әлбетте саяси науқан кезінде азаматтардың ойлары жан-жақты бөлінеді. Дегенмен менің байқағаным –Түркістан облысы бойынша барлығы оң көзқараста болды. Олардың қатарында өзім де бармын. Мемлекетіміздің болашағы деп ұл-қыз өсіріп отырған соң отбасымызбен бірауыздан қолдадық.

 «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей көптен күттірген референдум өткеннен соң жұрт сілтідей тына қалды. Әркімнің ішінде өзіне ғана мәлім бір дүние орын алғаны анық. Оған себеп – соңғы жылдардағы елімізді есеңгіретіп тастаған төтенше, қайғылы жағдайлар мен сынақтардың салдарлары еді. Жүрегі аузына тығылып, өзгертілген заңдар орындалар ма екен әлде сол құрғақ уәде бойынша жазылып тұра бере ме деп қауіптенді ме, жұмбақ. Десе де президентіміз өзі бас болып жүзеге асыруға кіріскенде елдің қуанышында шек болмады десем, қателескенім емес. «Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан жер, оны мекендеген барлық тіршілік иесі, табиғи ресурстары халыққа тиесілі» деген басты заң арқаны кеңге салдырды.  ҚР ең басты байлығы – адам деп танылғандықтан оның өмірі де құнды. Сондықтан ең ауыр жаза алынып тасталды. Адами тұрғыдан қарағанда «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген дана халқымыз елдің ішінен шыққан бір тентегін тезге салудың тәртібін өзгерте отырып қателігін түзеуге жаңа мүмкіндік бергені абзалырақ болған шығар.

Ел билеген басшыдан бастап қарапайым қызметкерге дейінгі бұқара халықтың барлығының міндеті – елге қызмет ету. Әртүрлі ұрандағанмен мақсат-мүдде бір жолда болғандықтан президентіміздің ешқандай партияда болмауы құптарлық жайт. Сондай-ақ «Президент туыстарының да басшылық лауазымда болмауы керек» деген тармақтар сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді  жолы болды. Шындап келгенде бұл көпшіліктің күтпеген өзгерісі еді.

 «Еститін үкімет» өзгерістерге тағы депутаттарды сайлау тәртібі мен тізімінде қосты. Депутаттар әр сала мен әр жастан құралса мемлекетіміздің дамуы қарқындайды. Жаңа белес жаңа жақсылықтарын осылай көрсете бастады. Халықтың қуат көзі жастарға және «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» нәзік жандыларға берілетін квота қаншама қолынан өнері тамған шеберлер мен ісмерлердің кәсібін ашуға баға жетпес көмек болды. Халықтан шыққан әрбір үндеулер тікелей үкімет назарына алынса шешілмейтін мәселе қалмайды. Осы тұрғыдан көпбалалы аналарымыздыңда ойда жүрген түйткілдері оң шешімін ала бастады.

Елімізде өндіріліп отырған астықтар мен көкеністер, жеміс-жидектер ауыл тұрғындарының еңбегі. Шаруашылық кәсібінде де, мал басын көбейту науқандарында да еңбекші елдің жанын түсінетін әкім керек. Ол халықтың адамы болуы тиіс. Сонда ғана жемісті тірліктер атқарылады. Референдум нәтижесінде қолданысқа енген заң біздің ауданымызда өз нәтижесін көрсетті. Жақында өтілген сайлауда заңға сай әкімді халықтың дауыс беруі арқылы сайлады. Сайлау нәтижесі бойынша туған жеріміздің адал суын ішкен перзенті таңдалынып, сенімді ақтауға қызметіне кірісіпте кетті. 

Жер бетіндегі екі жарым миллионнан астам қазақтың түп атасы болған киелі Бәйдібек бабам мен Домалақтай анамның туған жері «Бәйдібек» ауданының орталығындағы маңызды көше бойына  сән салтанаты жарасқан, аудан көркіне әр берген, кең сарайдай екі қабатты зәулім кітапхана ғимараты соғылып, халыққа пайдалануға берілді. Мұнда ұлылардың, ұстаздардың, ғалымдардың, ақындардың, һәм тарихшылардың қалдырған 100 мыңға тарта   асыл мұрасы топтастырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ашылуына арнайы келіп құттықтап, әдебиетсүйер қауымға сұранысқа ие туындыларды тарту етті. Біздің қуанышымызға әлеуметтік желілермен де, арнайы келіп те өз тілектерін жаудырған жақсылар әлі толастар емес. Адамзаттың жаны жақсылыққа тез бейімделгіш болады дегендей мұндағы барлық қызметкер жаңа серпінмен жұмыстарына кірісті. Тың идеяларды талқылап, ауқымды іс-шараларды атқарған кітапханамыз биыл аудандық, облыстық байқауларда жақсы жетістіктерге де қол жеткізді.  Жаңа ғимарат төріне облыстық басшымызбен бірге туған жердің ақын перзеттері келіп, оқырман қауыммен қауышып бір қуантты. Кең де жарық залдармызда әдебиетсүйер қауыммен бірге бірнеше іс-шаралар өткізіп, оқырмандар клубында жаңа кітаптарымызды талқылап, мерзімді басылымдар бойынша елімізде орын алған мәселелерге пікір алмасу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып үлгердік. Әрине референдум тақырыбы шетте қалмады. Әрбір саяси науқан мен маңызды белес кітапхананың жіті назарында. Себебі саясатта халыққа қызмет ету мақсатында жаңалықтың жаршысы саналса, мәдениетте мәнерлі өнердің егіз сыңары, білім саласында жас ұрпақты ағартушылық жолына жетелеп, тәрбиеде салт-дәстүрімізді дәріптеу басты міндетіміз.

 Міне, күннің жарығы мен жылулығы қанша қараңғылықты тесіп жарып жерге жетсе, мемлекеттегі маңызды мәселелерде сол сәулемен қатар жетіп отырады. Мен неғыламын, керегі қанша деп бей-жай қарамай өз үні мен пікірін ұсынған, алыс ауылдағы ағайынның бірі – менмін. Ар-ұжданды биік қойып қызмет етсек, кітапхананың мемлекеттегі алар орны төр болады. Ешбір ақын-жазушыларын, батыр-билерін, хан-төрелерінің айтулы күндерін ұмыт қалдырмайтын рухани орда тәуелсіз еліміздің маңызды жаңалығын да алғаш болып таратуға асығады.

Тағы бір қуанарлығы,  былтырғы жылғы саяси белес референдумның бір жылдығында халқымыз жиырма миллионға жетті. Бұл – мемлекеттің қуанышы, бұл сіз бен біздің қуанышымыз! Бұл – біздің елдің жетістігі! Тұрақтылық, еңбек, даму, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру – елді биікке жетелейді.

М.Сапарова,

«Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

 ОҚКБ меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін