Референдум – халыққа деген сенімнің  көрінісі

Malim Админ

  • 20.11.2023

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастады. Мемлекет басшысы бұл туралы Қазақстан халқына арнаған үндеуінде: 

«Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз.

Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.  Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз»,  деген болатын.

Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Әрбір азаматқа өз ұстаным-пікірінің мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдумда әрбір қазақстандықтың таңдауы – біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналады.

 Конституциялық реформа нәтижесінде Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгерді. Реформа аясында Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартты. Парламенттің құзыры мен рөлі күшейеді. Мұндай жүйе биліктің үш тармағының (Парламент, сот және атқарушы биліктің) оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізетіні анық. Облыстардың және мегаполистердің әкім¬дерін тағайындау рәсімі түбегейлі өзгерді. Мемлекет басшысы қандай да бір облыс не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары қарап, арасынан біреуін таңдайды. Басқаша айтқанда, бұдан былай облыс әкімі де сайланады деуге болады. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды. Депутаттардың көпшілігінің даусын жинаған үміткер жеңімпаз болып есептеледі және мәслихаттың келісімін алған кандидат мәртебесіне ие болады.

Мемлекет басшысына облыс не мегаполис басшысы ретінде соны тағайындау ғана қалады. Қ.Тоқаев бастамашы болған саяси жаңғырулар аясында елімізде ауыл және аудан әкімдері сайланады. Тиісінше, ауыл, аудан жұртшылығы өзі сайлаған әкімін қызметінен өздері алып тастай алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында:

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек»,  деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Ата Заңға енгізілген өзгерістер Парламентті, мәс¬лихаттарды, жергілікті билікті күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде, олар қысылтаяң шақтарда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті, бір кісіге қарап отырмайды. Осының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тармағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Осы арқылы біз алдыңғы қатарлы елдерге бір табан жақындай түсеміз. Ең басты  өзгеріс – баяғы замандағы  дала демократиясының  нәтижесінде  бірлігі  бекем болып, әлемдегі тоғызыншы территорияға  ие болған  халқымыз өз  болмысына жат «суперпрезиденттік» билік нысанынан біржола құтылып, енді ел басқарудың күшті Президент - ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет  жүйесіне көшеді.

Референдумда халық қолдаған  заң жобасында жер және оның қойнауындағы  қазба байлықтар – бұрынғыдай  мемлекеттің меншігі емес, халықтың  меншігі болып жарияланғандықтан, жергілікті әкімдіктердің табалдырығын  тоздырып, әртүрлі  мақсатта  пайдалануға жер ала алмай, ренішті болып жүрген адамдар осы конституциялық  өзгеріске үлкен үміт артып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетейік!» атты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде:

«Референдум – еліміздің тарихындағы маңызды белес болды.Ұлтымыздың  шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Ата Заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура¬лы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді»,  деді.

Айта кететін жайт, біздің Түркістан облысының  халқы  мемлекеттік  маңызы  бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан  құру жолындағы өз таңдауларын жасады. Ендеше «Тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – әділет, бағдарымыз – бірлік» ұстанымына біріккен барша қазақстандықтарды, түркістандықтарды баянды болашақ жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырамын.

«Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп ұлы  Абай айтқандай, Президентіміздің саяси реформаларды  дәйекті  жүзеге асыратынына  сеніміміз мол. Мемлекеттік биліктің  қайнар көзі болып саналатын халықтың қолдауы –еліміздегі батыл өзгерістердің сенімді негізі болатыны кәміл.

Елдегі өзгеріс – елдің өзгеріс үшін жасалған қадамдарының жиынтығы. Ата Заңға өзгеріс жасау – еліміздің өзгеруі үшін жасалған қадамдардың бірі ғана. Сондықтан мұнымен бәрі өзгеріп кетпейді. Ең алдымен әркім өзіне үздіксіз өзгеріс енгізуге қадамдар жасауы керек. Сонда ғана мемлекетте түбегейлі өзгеріс болады.

Гүлнәр КОКУЛОВА,

Кентау қалалық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесінің директоры

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.