Референдум – "Жаңа Қазақстан" идеясын іске асыру жолы

Malim Админ

  • 15.05.2023

Былтыр, 2022 жылдың 29 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Конститутцияға өзгеріс енгізу үшін жалпы республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.  Ал ол Референдумды 5 маусымда өткізу туралы жарлыққа қол қойылды.

 Референдум – бұл жалпыхалықтық дауыс беру. Онда мемлекеттің болашағына байланысты маңызды мәселелердің шешімі шығарылады. Әдетте референдумның күн тәртібіне "иә", "жоқ" немесе "келісемін", "келіспеймін" деп жауап беруге болатын сұрақтар енгізіледі. Референдумды маңызды заң жобасын қабылдауда, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде өткізеді.

Түркістан облысының тұрғындары да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай өз таңдауын жасап дауыс берді. Сол күні сайлау учаскелері сағат жетіден бастап ашылып, ешқандай үгіт насихат, дау дамайсыз тыныш өткізілді.

Менде бұл шараға үлес қосу мақсатында өз таңдауымды жасап, өзіме ұнаған өзгерістерді қолдап дауыс бердім.

Президенттің лауазымына байланысты шектеулер;

Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты барлық нормаларды алып тастау;

Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау;

Кейбір адамдардың лауазымда болуына байланысты шектеулер;

Өлім жазасын жою;

Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру;

Құқық қорғау институттарын күшейту;

Конституциялық сот құру;

Парламенттің қалыптасу моделін және жалпы сайлау жүйесін өзгерту;

Заңдарды қабылдау жүйесін өзгерту;

Мәжбүрлі еңбекті қолдану мүмкіндігі;

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту.

Бұл өзгертулер елге, саяси жүйеге оң әсер етеді деп ойлаймын.

Жаңа Қазақстан құруға жаңа қадам жасалынып жатыр. Осы уақытқа дейін қоғамда болған кемшіліктерді түзету үшін қажет. Демократиялық ашық қоғам құрудың негізі болып саналады. Парламент күшеймек. Халық пен депутаттардың арасы жақындайды. Ел алдында уәдесін орындамаған депутаттың, мандаты қайтарып алынады. Әрбір азаматтың конститутциялық құқығы сақталуына баса көңіл бөлінеді. Демек Конституциялық сотқа азаматтар, заңды тұлғалар және басқа да қоғам өкілдері жүгіне алады. Адам құқығын қорғайтын уәкілдіңде өкілеттілігі күшейтілмек.

Ауыл әкімдерінің сайлануы өте орынды, себебі әр тұрғын өз басшысын таңдап, біргелікте ауылдың жақсаруы мен дамуына үлес қосып, бір бірінмен мәміле жасауына зор ықпал етеді. Бұл саяси өзгеріс ауылдардың жандануына серпіліс бергелі отыр. Өте дұрыс жасалған өзгеріс, дер кезінде жасалған шешім.

Ауданда  ауыл тұрғындары мен жастарын рухани байыту бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Т.Әбдікке «Парасат биігінен ой толғаған қаламгер» атты тұлға тану кеші, «Түркістанның таңдаулы кеші- 2023», М.Мырзахметовке «Өлкенің бай мұрасын зерттеуші атты іс-шара, М.Әлімбевтың 100 жылдығына орай «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты әдеби кеш, Төлебидің 360 жылдығына «Түгел сөздің биігі Төле би» атты тарихи сағаттар жоспар бойынша өткізіліп тұрады.

Біз, кітапханашылар қауымы саяси үрдістерге сергек қараймыз. Демократияландыру үрдісі жүріп жатқанын сезініп жүрміз. Реформалар өз жемісін береді деген сенім мол.

Қалдыбекова Күлзада,

Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық кітапханасының   кітапханашысы                                                                                                     

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.