Республикалық референдум – ел игілігі үшін
Билікті бірнеше түрге бөлуге болады: заңға сай, дәстүрге орай, тұқым монархиялық және күшпен басып алу арқылы қолға тиетін билік. Егер президент сайлау жолымен билікке жетсе, оны – заңға сәйкес билік дейді.
Баршамызға белгілі 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның өткеніне де бір жыл асты. Бұл республикамыздың жаңа тарихындағы айтулы оқиға, саяси парадигманы өзгертудің өзіндік белесі, бастапқы нүктесі болды, оның ырғағы өткен жылғы қаңтар оқиғасымен белгіленді. Референдум барысында қазіргі президенттің және оның бастамасымен жүргізілген ауқымды реформалардың пайдасына өз таңдауын жасаған қазақстандықтар өз елінің болашағы үшін ең тартымды және қолайлы имиджді түпкілікті және бұлтартпас шешім қабылдады. Түркістан облысында да референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өңірде Ел Президентінің Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында облыста екі штаб құрылды. Оның бірі – облыстық Қоғамдық штаб, екіншісі – «Amanat» партиясының облыстық штабы. Негізгі қоғамдық штабқа үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері, блогерлер енгізілді. Барлығы – 58 адам. Облыста референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүрді. Референдум өткізу жөнінде облыстық жоспар дайындалып, желілік кесте әзірленді. Референдумды қоғамдық қолдау мақсатында 1515 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 134 мыңнан астам тұрғын қамтылды
Сондай-ақ «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы тарапынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 1 200-ге жуық іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілген. Оның 227-сі – орталық және облыстық деңгейдегі, 905-і – аудандық, қалалық деңгейдегі іс-шаралар. Аймақта барлық деңгейдегі штаб мүшелері қатысқан кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер бойынша 1100-ден астам ұсыныс-тілек жинақталған. Міне, осы жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысы сайлаушыларының 80 пайыздан астамы референдумға қатысты. Бұл жөнінен өңір республикада бірінші орынға шықты.
Референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болжағандай оқиға осылай болды: конституциялық өзгерістерге қатысты халықтың ерік-жігері Жаңа, әділ Қазақстанның іргетасын қалау үшін берік негіз қалады. Қазақстан халқы, шын мәнінде, президенттік бастамаларға бірауыздан сенім білдірді.
«Елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын. Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді», деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады. Қазір елімізде Президенттің саяси жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Облыста 4 ауданда аудан әкімінің сайлауы болды. Бұл сайлауда аудан тұрғындары өз таңдауын жасады. Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізіліп, әйелдердің, жастардың, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлану құқығын пайдалануға үлкен үлес қосты.
Елімізде өтіп жатқан осындай саяси науқандарды кітапханалар да бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Заманауи кітапханалардың талаптары заман ағымына қарай өзгеретіні баршаңызға аян. Сондықтан да кітапхана кітап қоры ретінде ғана емес, әлеуметтік сипаты басым рухани орталық ретінде қызмет көрсетіп келеді. Халқымызда «ағын су емес, тұрып қалған су бұзылады» деген сөз бар. Үстіміздегі жылы ашылған орталықтандырылған жүйеде ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, ақын-жазушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен кітап көрмелері, тұсаукесерлер, шығармашылық кештер мен кездесулер, дөңгелек үстел және түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылды . Кітапханмыздың негізгі мақсаты – оқырман қауымды жаңа әдебиеттер мен таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жаңа туындылармен таныстырып отыру, кітапханаға келіп түскен басылымдарды күнделікті насихаттау. Тәуелсіздік тұғырлы болу үшін руханият түбірлі, тұрақтылық пен бірлік ғұмырлы болу керек. Осы «керектерге» қол жеткізуге қоғам болып үлес қосу – парыз.
Г.Төлен, библиограф,
Түркістан облысы.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.