Сабыны сұранысқа сай кәсіпкер

Malim Админ

  • 26.02.2024

Еліміздің әр аймағында есеп бойынша 700 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген. Оның ішінде 424 мыңдайы  жұмыс істеуге ынталы. Көпшілігі қолға алған ісін абыроймен атқаруда.    Ерекше санаттағы жандарға әлеуметтік тұрғыдан демеу, олардың еңбекке араласуына мүмкіндік тудыру мемлекет алдында тұрған негізгі  басымдықтардың бірі саналады.   

Маңдайына жазылған тағдыр тауқыметін бала жасынан тартса да тауы шағылмай, тығырықтан шығар жол табуға ұмтылған жаңаөзендік Құралтай Ұябаев – төрт баланың әкесі. Бірінші топ мүгедегі атанса да жігері мұқалмай, жүйкесі жұқармай қайсар болмысымен өз алдына кәсіп ашқанды жөн көріпті. «Ізденген жетер мұратқа» дегендей, елге пайдасы тиетін іс бастауды ниет еткендерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетінін білген ол халық күнделікті тұрмыста жиі тұтынатын кір сабын өндіруге бел буған.

Қазіргі күнде Жаңаөзен, Бейнеу аудандарымен қоса облыс орталығы Ақтауға да сабын дайындап жөнелтіп жатқан кәсіп иесі өндірісінің өрісі кеңейіп, өніміне сұраныстың артқанын қалайды.

-Күніне 250 дана кір сабын шығарамыз. Қажетті шикізат Алматыдан тасымалданады. Негізі дайындалуы бір апта шамасында үш кезең бойынша өтеді. Алдымен өндірісі қазандығында арнайы майды қайнатып аламыз. Одан кейін құрамына қоспалар енгізіп, содан соң арнайы қалыпқа салып пішінін шығарамыз. Сұраныс жоқ емес, бар. Дегенмен, жұрт қызығушылығына сай жұмысымызды ілгерілеті берсек деген ойымыз бар,-дейді жасы қырықты енді еңсерген Құралтай замандасымыз.

Анасы Ақслан Бердиева да баласы Құралтайдың жұмысына белсене араласып, қол ұшын беріп жүр. Бір айтарлығы олар шығарған кір сабын бағасы базар құнынан арзан әрі сапалы екендігі байқалады. Біртіндеп қолға алған ісін дұрыс жолға қоя бастаған кәсіпкер алдағы уақытта иіс сабын бен кәр жуатын ұнтақ шығаруға да ынталанып жүр.

Фото:  Ken-zhyloi.kz      1577 

Байланысты жаналықтар

Ферроқорытпа зауытындағы тынымсыз еңбек иесі

27.02.2024

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

28.02.2023
MalimBlocks
Ферроқорытпа зауытындағы тынымсыз еңбек иесі

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

Бәрі өздігінен келе қалса деген түсініктен арылатын уақыт жетті