Сайлау комиссияларының мүшелері тест тапсыра бастады 

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн.

Malim Админ

  • 13.09.2023

Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек», -- деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қанатқақты режимде, ал 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды. Қазіргі таңда жергілікті сайлау комиссиялары сайлауды өткізудің тәртібі мен ережесін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алуда.

Айталық, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 7 тамызында Ордабасы ауданында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізді. Күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К.Сатқанбай, орынбасары Д.Бимуханов, хатшысы А.Оразәлі заң талаптарына сай аудан бойынша учаскелік сайлау комиссияларымен сайлауларды өткізу жайлы ойларымен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ә.Өмірәлиев сөз сөйлеп, ауыл округ әкімдерінің сайлаулары бойынша туындап жатқан ситуациялық сұрақтарға тоқталып, заң талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселесіне кеңінен тоқталды.

Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстар, учаскелік сайлау комиссияларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Оқыту семинары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тест тапсырды.

Реті келгенде айта кетейік, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдеріне кандидаттарды саяси партиялар мен жоғары тұрған әкім ұсына алады. Егер ұсыну мерзімі аяқталған кезде бір ғана канди­дат болса, оған балама ретінде облыс әкі­мі екінші кандидатты ұсына алады. Ал кан­дидаттар мүлдем болмаса, онда облыс әкімі екі кандидатураны ұсынады.

Өзін-өзі ұсынған кандидат сайлауға қатысуы үшін тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірлікте тұратын сайлаушы­лардың кемінде бір пайыз қолын жинауы керек. Кандидаттар заңда белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарналарын енгізуге тиіс. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарналар кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайларда сайлау жарнасы кандидатқа қайтарылмайды.

Сондай-ақ тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырады. Егер мәліметтер бұрыс не анық болмаса, аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуден бас тартуға құқылы.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау науқанын өткізудің жалпы кезеңі шамамен 60 күн, оның ішінде сайлау қорытындыларын шығаруға және нәтижелерді белгілеуге бөлінген күндерді есептемегенде 50 күнді құрайды.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Кандидат еңбек өтілі бойынша талаптардың 11 нұсқасының бәріне де сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметте жұмыс тәжіри­бесінің болуы міндетті емес. Мыса­лы, кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орташа жылдық штат саны кемін­де елу адам болатын орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің не коммерциялық емес ұйым­дар­дың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе Президенттік жас­тар кадрлық резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі және тағы басқалар болуы мүмкін.

Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып сайлана алмайды. Сонымен қатар аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихаттарына мәслихат депутат­та­рының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағ­дай­да сенімсіздік білдіру туралы мәсе­ле­ні қарау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Бұл жағдайда мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы.

Осылайша, заңдар саяси бәсекелестікті дамытуға және елдің саяси өміріндегі аза­маттық қоғамның рөлін арттыруға бағыт­тал­ған. Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билік­ке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін