Сайлау мәдениеті және халықтың мәңгілік жері

  • 25.05.2023

Түркістан облысында жыл сайын халық саны өсіп келеді. Бұл өте қуанышты жаңалық. Алайда, ел өскенімен, жер өспейді. Осы ретте Түркістан облысында жерге қатысты кез-келген ақпарат елді алаңдатып тастайтыны рас. Еліміздің азаматы, Түркістан облысының тұрғыны ретінде мені де жер мәселесі алаңдатады. Өйткені, соңғы жылдары жерге қатысты түрлі қауесеттер айтылып, мәселелер көтерілген болатын. «Жер шетелдіктерге сатылады» немесе «жалға беріледі» деген уайым жер емген әрбір түркістандықтың көкейде жүрді. Бұл сұрақтардың бәріне елімізде өткізілген референдум нүкте қойды. Мұны қажетті керемет шешім деп айтуға болады.

Рефререндум арқылы Заңға өзгеріс енгізілді. Конституцияның 6-шы бабы 3-тармағындағы өзгерісте  «жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет  халық  атынан  меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген. Яғни, жер, табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ол сатылмайды, жетелдіктерге жалға да берілмейді. Жер мәңгі халыққа тиесілі болып қалады. Бұл өзгерістерге қол жеткізуге бүкіл қоғам үлес қосты. Референдум арқылы өз ойларын білдірді. Халық пен билік арасындағы диалог деген – осы.

Ата Заңдағы өзгерістердің маңыздыларының бірі – президент өкілеттігінің азаюы.

Елдің бірлігі мен мемлекет тұрақтылығы үшін референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу, пікір алмасу демократияны көрсетеді.  Сайлау мәдениетінің қалыптасуы азаматтардың белсенділігіне  байланысты. Әділ көзқарас, мемлекеттік дұрыс саясат болған жерде әділдік принциптері жұмыс істейді. Сонда ғана бұқара халық көшбасшы соңынан ереді. Жеті жылға бір рет қана сайлану, өкілеттігі тұсында ешбір партияда болмауы және Президенттің жақын туыстарына  саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөніндегі ұстанымдарында турашылдық пен әділдік бар.   .

Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін бастамалар мен реформаларды жүзеге асыруда көптеген оң саясат пен бағдарламалар жасап жатқаны дүйім жұртқа айқын. Жаңа Қазақстан әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыз ынтымағын нығайтып, мұң-мұқтаждығын шешуге айқын іс-әрекеттер қажет екіндігін референдумнан кейінгі Үндеуі мен өз Жолдауында айтты. Осындай бастамалардың бірі де бірегейі «Ұлттық қор – балаларға» жобасын айтуға болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің басты міндеті экономикалық өсу, инвестиция  тарту, халықтың табысын арттыру  маңызды екенін айтуда. Және де соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді» деген болатын. Қазіргі таңда Парламент төрінде халықтың мұңын айтып, ұлттық мәдениетімізді көтеруге атсалысып жатқан депутат-азаматтардың бары қуантады. Идеологиямыз осылай жөнге келіп, оны дамыту жолында аянбай еңбек ететін жастар көбейеді деп сенемін.

Қысқаша  айтқанда, осы кездегі сайлау маңызды өзгеріске жол бастады. Еліміздің әрбір тұрғыны өз үлесін қоса алатынын дәлелдеп жатыр.  Бұл да мәдениеттің бір бөлшегі, яғни саяси мәдениет деп айта аламыз. Бұрын «не шу шықса да, оңтүстіктен шығады» деген ел арасында сөз бар еді. Алайда, референдум мен парламент сайлауындағы дауыс беруге Түркістан облысының жұртшылығы өте жоғары дәрежеде саяси мәдениет сақтап, дау-дамайсыз елдің бірлігін көрсеткеніне куә болып, қуандым.  

Гүлжанат ДЮСЕНБАЕВА,

«Ұлы Дала Елі» орталығының директоры

Байланысты жаналықтар

Алматылық жастар референдум қорытындысын талқылады

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024

Референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

06.10.2024

Астанада қоғамдық бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

06.10.2024
MalimBlocks
Алматылық жастар референдум қорытындысын талқылады

Жастар атом энергиясын пайдалану елдің тұрақты дамуына және болашақ ұрпақ үшін сенімді энергия көзін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар

Референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Мұндайда референдум өтті деп санауға болады

Астанада қоғамдық бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

Оны сайлаушылардың жеке деректері бар тізімдерін түсірді деп айыптады