Сайлау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруымыз керек екенін тілге тиек етіп, ең алдымен, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құру керектігін айтты.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін. Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр.
Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», -- деген болатын.
Президенттің Жолдауда жүктеген міндетін жүзеге асыру мақсатында елімізде биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін пилоттық режимде сайлауды қолға алынды. Бұйыртса, 2025 жылдан бастап елімізде сайлау жаппай өткізілетін болады. Қазіргі таңда өңіріміздегі сайлау комиссиялары сайлауға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Мәселен, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Сарыағаш ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізілді. Оқыту семинарларына аудандағы 82 учаскелік сайлау комиссияларынан 158 адам қатысты.
Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілудегі жұмыстар, учаскелік сайлау комиссяларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Жұмасай, орынбасары М. Калдыбаев, хатшысы Ш. Өмірбек заң талаптарына сай аудан бойынша учаскелік сайлау комиссияларымен өткізілу жайлы ойларымен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б. Ускенбаев сөз сөйлеп, ауданда өтетін сайлауларға дайындықтар жұмыстарының барысына, оның ішінде ауданда ауыл әкімдерінің сайлаулары бойынша туындап жатқан ситуациялық сұрақтарға тоқталып, заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мәселесіне кеңінен тоқталды. Оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тест тапсырды.
Семинардың соңында сайлау өтетін күндері туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптары бойынша шешуге арналған тренинг өткізілді.
Орайы келгенде айта кетейік, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы керек. Сонымен қатар, жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жалпы үміткер еңбек өтілі бойынша талаптардың 11 нұсқасының бәріне сәйкес келуі керек. Бұл ретте мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес. Мысалы, кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орташа жылдық штат саны кемінде елу адам болатын орта кәсіпкерлік субъектілерінің не коммерциялық емес ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі және тағы басқалар болуы мүмкін.
Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі 4 жыл деп белгіленген. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып сайлана алмайды. Сонымен қатар аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихаттарына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Бұл жағдайда мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Қорыта айтқанда, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға бағытталған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.