Сайлау жүйесіндегі өзерістер қоғам белсенділері мен журналистерге саясатқа жол ашты

Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты Түркістан халқы оң қабылдады деп ойлаймын. Дауыс беруге жергілікті азаматтардың белсенділігі жоғары болды. Сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасап ат салысты. Мен де өз құқығымды пайдалана отырып жергілікті учаскеме барып, дауысымды бердім. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында тілші ретінде ақпараттық қолдау көрсеттім.
Референдум қорытындысы біздің мемлекетіміздің тарихында мүлде болмаған жаңа дәуір басталғанын көрсетті. Әділеттілік, ашықтық және жауапкершілік пен шыншылдық жолында жақсы өзгерістер орын ала бастады. Референдумнан кейін Мемлекет басшысы маңызды Үндеу жасады.
«Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын. Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді» деген Мемлекет басшысы алдағы міндеттерге де тоқталды.
«Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек. Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді», деді Президент.
Референдумнан кейін сайлау жүйесінде де өзгерістер болды. Қоғам белсенділері, журналистерге жол ашылды. Иә, өзін-өзі ұсынған көптеген әріптестеріміз Парламент мінберінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, әріптестеріміз Дәулет Мұқаев, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай сынды журналистер мандат алып, депутаттық сауал жолдап, халық жағдайын жақсартуға барынша күш салып жүр.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау халықтың билікке деген сенімін арттырды. Ауыл азаматтары өз ауылының болашағына бей-жай қарамай басшы болатын әкімін таңдау сәтіне белсенді қатысып жүр. Десе де ауыл әкімінің сайлауына кандидат ретінде тіркелушілердің белсенділігі әлі де төмен. Бәсекелестер аз. Уақыт өте бұл жүйеге деген сенімділігі жоғарылай береді деп ойлаймын.
"Санұр" қоғамдық телеарнасы Жетісай және Мақтаарал ауданының халқына күнделікті хабар таратып отырған аудандағы жалғыз телеарна. Біздің арнаның тілшілері қоғамдағы өзгерістерді, әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды еш бүкпесіз, айна - қатесіз жеткізуге барынша атсалысып жүр. Саяси реформалар жанданған сайын біздің де жұмыс жандана түсетіні анық.
Клара Қарсыбаева,
журналист
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.