Саяси партиялардың өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл қойды

Malim Админ

  • 16.12.2020

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Осы күнге орай еліміздегі саяси партиялардың өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Парламент сайлауына қатысатын Nur Otan, ADAL, "Ауыл" және "Қазақстанның халық партиясының" өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсіміне қатысты. Іс-шара кезінде барлық санитарлық талаптар сақталды.

Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 500-дей өкілі Алматы көшелерімен жүріп, Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып,  "Менің елім" әнін шырқады. Артынша алаңдағы Тәуелсіздік монументіне  гүл  қойды.

"Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев елді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әр қазақстандықты мемлекетті өркендетуге үлес қосуға шақырды.

"Қазақстанның Халық партиясының" Алматы қалалық комитетінің төрағасы Әлібек Шапенов те бұл мерекенің  айрықша маңызды екенін жеткізіп, елдің өркендеп дамитынына сенім білдірді.

"Ауыл" партиясының өкілдері де көпшілікпен бірге гүл шоқтарын қойды.

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 29 жыл толды.

Саяси партиялар гүл шоқтарын қойған Тәуелсіздік монумені 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылған болатын.

Байланысты жаналықтар

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023
MalimBlocks
Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.