Саяси реформалар депутаттардың жауапкершілігін бұрынғыдан да күшейтті

Malim Админ

  • 05.10.2023

Соңғы жылдары елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен маңызды саяси реформалар жүзеге асырылуда. Саяси өзгерістерді Түркістан облысы тұрғындары да сезінуде. Биылғы наурыздағы сайлау нәтижесінде аймақта бәсекеге қабілетті мәслихаттар қалыптасты. Біз халықпен кездесулерде сайлау жүйесін, өзгерістерді тұрақты түсіндіріп жүрміз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да өз деңгейінде еңбек етуде. Бір ерекшелігі – сайлаушылармен байланыс күшейді. Әрбір депутат ел алдында тұрақты түрде есеп беруде. БАҚ-пен байланыс орнату, ашықтық талап етілді. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратпен бөліскелі отырмыз.

Депутат – ең әуелі ол халықтың қызметшісі. Оның міндеті алық арасында болып олардың арасындағы өзекті мәселелерді зерделеп нақты шешілу жолдарын қарастыру болып саналады. Мен 8 шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір  мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, сайландым. 

Жалпы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Сайрам  ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізсем, оған қоса  4 рет  шалғай елді-мекендерде қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы саны 47 азаматтың талап-тілектерін тыңдадым. 

Қабылдау нәтижелері бойынша жалпы саны  14 депутаттық сауал жолдаған болсам, соның ішінде Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Т.Абдуалинге -1, Түркістан облысы әкімінің орынбасарына-4 рет  сауал, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына-3 рет, Сайрам ауданының әкіміне – 2 сауал және өзгеде басқармаларға-4 сауал жолданды.

Солардың ішіндегі ең өзектіліеріне тоқталып өтсем.

Ағымдағы  жылы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатынмын.

 Қабылдау барысында түрлі мәселелер көтеріліп, біршама ұсыныстар түсті. Соның ішінде ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің  тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұрауда.

Өздеріңізге белгілі Сайрам ауданы тоғыз жолдың торабы болған Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан бір жағы республикалық маңызы бар жол, бір жағынан темір жол өткелі өтіп, қатынас тоқтаған емес. Ауданда 250 мыңға жуық халық тұрса, тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемі тар болуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» авто жолы арқылы өткізіп, жайылымдық жерге апарып, мал жаюда. Алайда аталмыш жолда мал өткелінің болмауына байланысты көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып, қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Соған қарамастан  экспорты бойынша республикамызда көш бастап тұрғын аудандардың бірі. Бүгінде, бұл уақыт күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

Осыған орай, мәселенің өзектілігін ескере отырып, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автожолы бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына мал өткелдерін салуға ықпал жасап, мәселені оңтайлы шешіп беру үшін,  Қазақстан Республикасы индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасына жолданды.  Оған қоса, жыл басында біршама басқармаларға Қарасу ауылындағы Ақбай каналының мәселесін айтып, күрделі жөндеу қажеттілігі туралы сауал жолдаған болатынмын. Сәйкесінше Қарасу-Ақбай каналына бюджеттен 131 млн. теңге қаралып, 6 км канал күрделі жөндеуден өткізілетін болды.

Жалпы маған қарасты Сайрам ауданында ауылдардағы күрделі мәселелердің жыл басында  арнайы картасы жасалып барлық мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдап, тұрақты бақылауда тұр.

Ал, Сайрам ауданыың әкіміне Жібек Жолы, Құрлық, Сиқым  ауылдарына қатысты  жолдаған сауалдарыма сәйкес;

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Европа» автомобиль жолына сергек бейне бақылау камерасын орнатуды сұранып Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына 15.03.2023ж №229-33/04-36/4321 санды хат жолданса,. Сонымен қатар, 2023 жылы ауыл аумағында тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыруға 16 млн теңге қаржы қаралған.

 Жібек жолы елді мекендегі ауыз құбырларын ауыстыру үшін  жоба сметалық құжаттары дайындалып құрылыс жұмыстарының құны  232,0 млн теңгегні құрады.  Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы   «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і, мекемесі анықталған. Құрылыс жұмыстарына  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан 100,0 млн тенге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сиқым елді мекеніндегі Ауыз су мұнарасының сиымдылығы 60 куб м.  ауыл тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Ал су ұңғысын қазуға  Жібек жолы және Сиқым ауылдарында  жер асты су көзіне іздеу барлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыз  су қоры анықталмағанын жеткізіп отыр. Жалпы жоғарыда жолдаған сауалдар арқасында көптеген түйіткілді мәселелердің түйіні шешіліп отыр.

Жалпы біз «АМАНАТ» партиясы атынан сайланғандықтан өзіміздің және партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде жұмыстарды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ партиялық жобалар негізінде іс-шаралар өткізудеміз.

Сондай жобалардың бірі «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» жобасы. Бұл – партияның ең ұтымды және халыққа етене жақын жобаларының бірі. Жоба аясында ағымдағы жылдың тамыз айында Сайрам аудандық сотының төрағасы мен Сайрам ауданы прокуратура өкілдері, заңгерлер және адвокаттармен бірлесе арнайы қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарға заң аясында кеңес бердік. Және бұл үрдіс тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ

Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер береді.

 Жұмыссыздықты және ауылдық елді мекендердегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру, ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады: 

       Өсімдік шаруашылығын дамыту;

       Мал шаруашылығын дамыту;

       Құс шаруашылығын дамыту;

       Балық шаруашылығын дамыту;

       Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;

       Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында төрт ауылдық округіне жылдық жоспар 266 жоба қойылған. (Облыс деңгейінде берілген жоспар 266  жоба) «Ырыс» МҚҰ-на өтініш білдіруі тиесілі болатын. Бүгінгі күнге 200 азамат жобасы (1 057 150 мың теңге) дайындалып ұсынылған. 

Оның ішінде:155 жоба (884 375 мың теңге) мақұлданып,  113 жоба 643 225 мың теңге) қаржыландырылды.

6 бағыт бойынша тұрғындар  тарапынан 5 жоба ұсынылып, оның ішінде 4 жоба мақұлданылған. 1 жоба қаржыландырылған.

Балық шаруашылығы ашу бойынша 4 жоба ұсынлып соның  1 жобасы құжаттары жинақталуда, 3 жобасы мақұлданған, 1 жоба қаржыландырылған.

Әлуметтік көмек алушылар бойынша (АСП) 5 жоба ұсынылып, 5 жобада мақұлданған, соның 4 жобасы қаржыландырылған.

Ауыл округтері кесінідісінде:

Ақбұлақ ауылдық округі бойынша  41 азамат құжат тапсыру тиесілі болса қазіргі таңда 45 жоба дайындалып ұсынылған. Оның ішіде 32 жоба мақұлданып, 24 азаматтың жобасы қаржыландырылған. 8 жоба «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақталуда.

Жібек Жолы ауылдық округі бойынша 41 азамат құжат тапсыру керек болса қазірігі таңда  41 жоба дайындалып мақұлданған. 32 азаматың жобасы қаржыландырылған. 9 азамат жобасы «Ырыс» МҚҰ-да 2 данадан құжаттары жинақалуда.

 Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша 65 азамат өтініш білдіруі тиісті болса қазіргі таңда 43 жоба ұсынылған. Оның ішінде 26 жоба мақұлданып, 15 жоба қаржыландырылған. 11 жоба «Ырыс»МҚҰ-да 2 данадан жинақталуда.

Көлкент ауылдық округі бойынша 119 азамат өтініш білдіруі тиісті болса, қазіргі таңда 71 жоба ұсынылып, 56 жоба мақұлданған. 42 жоба қаржыландырылған. 14 жоба «Ырыс»МҚҰ-да. 2 данадан жинақталуда.

«ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША

Сайрам  ауданында тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының Жер басқармасының жоспарлық тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданына 5000 га жайылым жер қайтару жоспарланған.

Қәзіргі таңда 2074 га жайлым жер қайтарылды. Алдағы уақытта жылдың соңына дейін қайтарылады.

«АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық  филлиалы Саяси кеңесі Бюросының 08.06.23 жылғы №007РQ қаулысымен «АМАНАТ» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы  бекітілген.  Жол картада жалпы 4 бағытта  55 іс шараны орындау  айқындалған.

Сайрам ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға ауданда жоспарланған 55 іс-шараның 2023 жылы орындалуы тиіс  54 іс-шараның ағымдағы жылдың 7 айынд 14-і (25,9%) орындалды, 40-ы (74%) орындалу үстінде, жыл қорытындысымен толығымен орындалады.

Бағыттар бойынша тоқталсақ.

«АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ»  бағытында 21 іс шара қамтылған. 2023 жылдың 7 айында  9 іс-шара орындалды, 12-сі орындалу үстінде.

Ауыл шаруашылығын дамыту іс шарасы бойынша ауыл шаруашылығы өнім көлемін 133 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып, есепті кезеңде 41,5 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7% құрады. Жылдық жоспар 31%-ға орындалған.

Егін шаруашылығында 1,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, НКИ 106,2%. Биылға 52 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  орналастырылды.

Жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша ағымдағы жылы                16 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып, нақты 10,26 гектар жылыжай іске қосылып, жоспар  62,8%-ға орындалды. Нәтижесінде барлық жылыжайлар көлемі 68,7 гектарды құрады.

Жыл басында тамшылатып суғару әдісі 24 агроқұрылымда 529 гектарға ендірілген болатын, биылғы жылы 100 гектарға ұлғайту жоспарланған.  Ағымдағы жылдың 7 айында 55 агроқұрылымда қосымша 96,84 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 99%-ға орындалды. Нәтижесінде тамшылатып суғару әдісі енгізілген жер көлемі 625,8 гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында 125 дана техника алу жоспарланып 68 дана техника жаңаланып, жоспар 54,4%-ға орындалды.

10-15 басқа арналған шағын бордақылау алаңдарының саны  52 алаңға жетіп,  жоспар 104 %-ға орындалды.

Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда.

Агроөнеркәсіп кешені саласында жыл басынан  8 инвестициялық жобалар іске қосылып, 55 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда: 

- «Gen Group Kazakhstan» ЖШС “Фермерлік жылыжай құрылысы». Жобаның құны 1056,1 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны  30 адам;

- «БББ и К» ШҚ-ның  «1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы» жобасы. Жобаның құны 450,0 млн.тңг.  Ашылған жұмыс орны 5 адам. 

- Жалпы өндірістік қуаты 450 мал басына  арналған («Умарали ата-2» ШҚ; «Шкрулла» ШҚ; «Бахтияр» ШҚ)3 тауарлы сүт фермасы іске қосылған. Жобалардың жалпы құны 680 млн.тңг. Ашылған жұмыс орны 12 адам. 

-Жалпы құны  45,0 млн.теңгелік, өндірістік қуаты  тәулігіне  9 тонна сүтті қайта өңдейтін  3 бірлік  цех іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 8 адам. 

Іске асқан жобалар нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 3,2 млрд.теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 26,4 %-ға артқан.

Жаңа жұмыс орындарын құру іс шарасына сәйкес Ұлттық жобалар бойынша бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2023 жылға 9712 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 7 айда 2519 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бастамасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу іс шарасына сәйкес  1166  жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған,  7 айда 1870 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар артығымен орындалды.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша жұмыспен қамту бағытында биылғы жылы жобаға 7272 азаматты тарту жоспарланып, 7 айда 5986 азамат жобаға қатысты, жылдық жоспар 82%-ға орындалды. Жыл басынан 693 адам жастар практикасына, 1734 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 447 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 241 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданған. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 54 азаматқа         74,5 млн.теңге мемлекеттік грант берілсе, жастарға жеңілдетілген шағын несие 4 адамға берілді.

Кәсіпкерлерді қолдау іс шарасына сәйкес «ҚР 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту  жөніндегі» Ұлттық жобаның «Шағын  және орта  кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағыты аясында 72 кәсіпкер  419,0 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде  "Ырыс" МКҚҰ -нан 27 кәсіпкерге әртүрлі бағытта 290,0 млн теңге көлемінде несие берілген.

Кәсіпкерлікті қолдау картасын іске асыру аясында                                    4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда "Gen Group Kazakhstan" ЖШС-гі іске қосылды, "Наурыз -5" ЖШС жеміс-көкөністі қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу цехы іске кезең-кезеңмен қосыла бастады. Манкент ауыл округінен 2 жобаның қосылу жоспарлануда («Samid  Master»  ЖШС, «Туран Агро ет-сүт»  АШӨК)

Туризмді дамыту іс шарасы бойынша. Сайрам ауданы  Шымкент қаласына жақын орналасуына және  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аудан орталығына жақын болуына  байланысты  ойын сауықтыру (жазғы маусымдық бассейн)  және емдік сауықтыру  және  мәдени тарихи туризмі жақсы дамыған. 2023 ж. 7 айында туризм саласына  698 млн.теңге инвестиция тартылған, ауданға келген ішкі туристер саны – 600 адамды құрады.

«АЙМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ» бағытында 14 іс-шара жоспарланған, 2-уі орындалды, 12-сі орындалу үстінде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының жоспары 68,4 мың шаршы метр болса, жыл басынан 47 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жылдық жоспар 69%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта табиғи газбен 42 елді мекеннің 34-і қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 81 пайызды құрап отыр. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекеннің (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Көлкент) газ жүйесінің құрылыстарына биыл бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы 5 елді мекеннің газдандыру жұмыстары аяқталады, газ құбыры жүргізілген 2 елді мекенді қоса алғанда, 7 елді мекен табиғи газға қосылады.

Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 81 пайыздан 98 пайызға жетеді.

Аудандағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен  қамтылған.

Биылғы жылы су құбырларын жөндеуге бюджеттен 

390 млн. теңге (ОБ-100 млн.тг, АБ-290 млн.тг) бағытталған. Атап айтқанда:

- «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен Жібек жолы ауылындағы су жүйесінің  күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Биыл 100 млн.теңге қаржы бөлінген.

- Қарабұлақ, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарын ауыз сумен қамту желілері құрылысының жобалары дайындалып, қаржыландыруға республикалық бюджетке ұсынылды.

- Су құбырларының орташа жөндеуіне, су ұңғымаларын қазу мен су мұнараларын орнатуға аудандық бюджеттен 290,1 млн.теңге бағытталды.

Нәтижесінде, ауыл тұрғындарының таза ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі артады.

Аудан көлеміндегі 1298,1 шақырым автокөлік жолдардың            62,4%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

2023 жылға аудандық маңызы бар 4 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 1,2 млрд.теңге бөлінді.

 «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында  845,5 млн.теңгеге 25 көшенің (45,5 шқ), аудандық бюджеттен 448,6 млн.теңгеге 11 көшенің (24,7 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бүгінгі таңға 11 көше 21,3 шақырым жол орташа жөндеуден өтті.

 Жалпы атқарылатын жұмыстар нәтижесінде, жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 70%-ға жеткізу жоспарлануда.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс шарасына сәйкес  аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен жолда жүру ережесін сақтауда және бағдаршамы бар көше қиылыстарында заманауи үлгідегі бақылайтын зияткерлік автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау камералары Ақсукент ауылында-1, Қарамұрт ауылында-1, Манкент ауылында-2, Қасымбек Датқа ауылында -1, Қарабұлақ елді мекеніне-6 Сергек камералары орнатылды. Бұдан басқа, Қарабұлақ ауылына жол бойына 15 жерге 30 бейнебақылау камералары орнатылды.

«Ауыл-Ел бесігі» аясында 2023 жылы 29 жоба 1694,5 млн. теңгеге қаржыландырылған. 2 нысан – мәдениет және спорт,    1 нысан – ауыз су, 1 нысан – электр желілері, 25 нысан – жол жөндеу нысандары.

«БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ,СПОРТ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» бағыты аясында 13 іс шараны атқару  жоспарланған, орындалу үстінде.

Үш ауысымды және аппаттық мектептердің мәселесін шешу іс шарасына сәйкес биыл, Манкент және Нұржанқорған елді мекендерінде 600 және 300 орындық 2 мектеп құрылысы жүруде (Айнабұлақ атындағы жаңа 600 орындық ЖОМ, №62 Анартаев ат. ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы).

Нұржанқорған елді мекеніндегі 300 орындық мектеп биылғы жылы аяқталса, Манкенттегі 600 орындық мектепті келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарамұрт ауылындағы №6 Киров мектебі күрделі жөндеуден өтуде, жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі.

Мәдениет және спортты дамыту іс шарасына сәйкес биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақбұлақ ауылында 208,4 млн.теңгеге спорт зал, мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы жүргізілуде, нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Қарасу ауылында 682,4 млн.теңгеге спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, келесі жылы іске қосылады.

2023 жылдың 7 айында ауданда спортпен шұғылданушылар саны 95489 адамды құрап, 41%-на жетіп отыр. Жыл соңына дейін ауданда Ақсукент (Жонарық),Қарасу, Құтарыс, Ақбұлақ ауылдарынан жаңадан спорт нысандарының қосылуына байланысты 42%-ға жеткізу жоспарлануда.

Жол картадағы мәдени іс шаралар, көрнекті тумалардың мұраларын  насихаттау  бойынша іс шаралар кестеге сәйкес ұйымдастырылуда.

«АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САНАТЫН ҚОЛДАУ» бағытында 6 іс шара жоспарланған, 1 іс шара орындалды, қалғаны орындалу үстінде.

Жыл сайын ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған  іс-шараларды  өткізу нәтижесінде 8-Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай Ақсукент ауылында тұратын 100 жасқа толған және 100 жастан асқан аналарды үйлеріне барып құттықтап, сый-сияпаттар табыс етілген, 9-Мамыр "Ұлы Отан" соғысының 78 жылдығына орай, Ақсукент және Қарабұлақ ауылында тұратын 2 соғыс ардагерлеріне 1500,0 мың теңгеден қаржылай көмек пен азық-түлік себеттері мен сый-сияпаттары берілген.

2023 жылға  ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергісіз қол жетімді орта құру мақсатында 26 нысанды бейімдеу жоспарланған. 1шілдеге бекітілген жоспар бойынша 14 нысан бейімдеуден өткізіліп, "Inva Gov" ақпараттық жүйесіне суреттері енгізілген.

Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар  азаматтарды  жұмыспен қамту шараларына  476 азаматты тарту жоспарланса, 7 айда  154 азамат тартылған, жоспар 32%-ға орындалған, жыл соңына жоспар орындалады.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іс-шараларды насихаттау мақсатында «Жастар орталығымен» 6 іс шара өткізлді.

Қорыта айтқанда Депутаттық мінгдетімді орындай отыра Партияның алдына Сіздер қойған міндеттерді орындауға дайынбыз.

Біз уәде еткен барлық істе нәтижеге қол жеткізуге бел будық. Біз популизмге, бос сөзге, шалағайлыққа жол бермейміз. Әрбір азаматтың қолдауына сүйене отырып, ел мен қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, түбегейлі және табанды әрекет ететін боламыз.

Шетелге емделуге, білім алуға немесе өзін мойындату үшін кетудің қажеті болмау керек. Мұның бәрін өз елімізде жүзеге асыруға жағдай жасауымыз керек.

 «AMANAT» – еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз партия. Партия бөлімшесі мен қоғамдық қабылдау бөлмесі әр аудан мен қалада бар. Біз әрбір азаматты тыңдауға, мәселесінің шешімін табуға және жан-жақты қолдауға дайынбыз.

Әділетті және экономикасы мықты Қазақстанды құру жолында бірлесе қызмет ете берейік.

Нұржан ЖАМАЛБЕКОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі  

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.