Саяси реформалар ел мүддесі үшін жасалуда

Тәуелсіз мемлекетіміздегі саяси жүйе соңғы уақыттарда оң өзгерістерге жетелеуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей мұрындық болуымен қолға алынған саяси реформа бұл күндері өзінің лайықты түрдегі нәтижесін бере бастағаны анық байқалуда. Түркістан облысында да біршама өзгеріс болып, сайлау процестері жаңғыртыла түсті.
Кез-келген мемлекеттің оң бағыттағы даму үрдісі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерден және мәдени-рухани серпілістерден құралатыны айқын. Ал сол елдің салиқалы саясаты мен халықаралық деңгейдегі абыройы мен беделінің түпкі бастауы экономика. Яғни ел аумағында тұратын халықтың әл-ауқатының артуы, тұрмыс жағдайларының жақсаруы сол елдің көркейіп дамуына серпін беретіні тағы анық. Өйткені мемлекеттің негізін құрайтын түпкілікті және негізгі бастауы - халық. Дала демократиясына негіз болған қазақ халқының сан ғасырлардан келе жатқан шешендігі мен турашылдығы ұлтымыздың бет-бейнесін айқындаған. Сондықтан да соңғы жылдардағы елімізде болған саяси оқиғалардың барлығы, яғни түгелдей дерлігі халық үшін және әрбір қазақстандық үшін жасалуда. 2022 жылы 5-маусымда өткен бүкілхалықтық референдум мемлекеттің дамуына серпін берер атаулы саяси оқиға ретінде тарихта қалды. Өйткені бұл референдумда дауыс берген әрбір қазақстандық мемлекеттегі маңызды реформаға өз қолдауын көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституция тұңғыш рет 1993 жылы 28-қаңтарда жарық көргені белгілі. Ал, 1995 жылғы 30-тамыздағы референдум арқылы елдегі басты саяси құжат екінші рет ресми түрде қолданысқа енгізілді. Алайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі саяси бағыттағы өзгерістерге тұсау болатын бұрынғы Конституцияны өзгерту қажеттігін анық байқады. Сондықтан да 2022 жылғы 5-маусымда өткен референдум елдің дамуын түбегейлі түрде жаңа арнаға бағыттады. Референдумнан кейін қолданысқа енген жаңа Конституция жаңа Қазақстанға жетеледі. Атқарушы билік пен заң шығарушы органның арасындағы негізгі құзірет қайта айқындалды. Яғни Қазақстанға бұл референдумның берері мол болды. Сонымен қатар халық та бұл конституциялық реформаны түсіністікпен қабылдап, оған шынайы қолдау көрсетті деген ойдамын. Өйткені аталып отырған референдумнан кейін елдің саяси-экономикалық және мәдени-рухани бағыттағы дамуы даңғыл жолға түсе бастады деген пікірлерді бұл күндері көпшілік қауым да қайталауда. Ал, биылғы жылғы 19-наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттары сайлауы барлық деңгейдегі заң шығарушы органдарды мүлдем жаңа белеске көтергендей болды. Өйткені бұл сайлауда елімізде ресми тіркелген саяси партиялардың барлығы бірдей бақ сынай отырып, Парламент мәжілісіндегі мандаттарға ие болды. Партиялық тізімнен бөлек аралас жүйе де, яғни мажоритарлық әдіспен де сайлауға түсіп, депутаттық мандатқа қол жеткізген саяси тұлғалар да бұл күндері сайлаушылар мүддесін қорғап және ел дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Сонымен бірге соңғы уақыттарда қолға алынған ауыл әкімдерін халықтың сайлау үдерісі де шынайы демократияның жарқын көрінісі дер едім. Өйткені ауыл әкімдігіне сайлауға түскен үміткерді сол ауылда тұратын халықтың өзі сайлауы, келешектегі елді мекендердің дамуына, өркендеуіне жол ашары сөзсіз. Жергілікті тұрғындар өз проблемаларын ең алдымен өздері білетіні түсінікті жәйт. Ал әкімдердің сайлауы арқылы сол тұрғындар көптеген әлеуметтік т.б. мәселелердің оң шешілуіне ықпал ете алады. Жалпылама алғанда тәуелсіз еліміздің қазіргі таңда жүргізіп отырған саралы саясатына әрбір қазақстандық пен барлық деңгейдегі мекемелер де бейжай қарамауы тиіс деген ойдамын. Түркістан облыстық Мәдениет және туризм басқармасына қарасты Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейі де мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу бағытында тындырымды тірліктер атқарды. Музей биылғы жылғы жоспарланған жұмыстарды өз деңгейінде атқарды десек болады. Тарихи-мәдени құндылықтар, көне жәдігерлерді жинақтау, оларды ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы қалың көпшілікке таныту, насихаттау шаралары ойдағыдай атқарылуда. Музейде өткен әрбір іс-шара және қойылған көрмелер мен оқылған лекциялар тарихи мәні бар маңызды шаралар қатарына енеді. Биылғы жылы музейдің тұрақты экспозициясын қайта жасақтап, жаңғырту мақсатында бірқатар маңызды, міндетті жұмыстар атқарылды. Музей экспозициясына ғылыми тұжырымдама әзірленіп тиісті басшылық тарапынан бекітілді және реэкспозицияның техникалық сипаттамасы да толық дайын болды. Музей ұжымы тағы басқа жұмыстарды жүйелеп, жыл қортындысын шығаруға әзірлік үстінде.
Н.Смаилов. Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі. ҚР журналистер одағының мүшесі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.