Саяси реформалар нәтижесінде өз әкімімізді сайлап алдық
Референдум – елдің тарихи дамуына серпін беретін ұсыныс. Жалпы кез келген адамның өмір сүру ережесі бар. Сол ережені сақтамасақ, оның өмірі бұзылады. Сол сияқты мемлекеттің өмір сүруін қадағалайтын Ата заңды заман талабына сәйкес өзгертіп, нақты шешімін қабылдап алсақ, алдағы уақытта еліміздің болашағы жарқын, айқын болады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болуға қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Бұл әрбір азаматтың жан дүниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады. Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғындары да бұл бастамаларды қолдады. Біркісідей атсалысты.
Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Араға 27 жыл салып, республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті. Елімізде екінші рет Конституциядағы өзгерістер халық таңдауына ұсынылды. Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді.
Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Заңды түзеп алмай, қоғамды түзеу бекершілік екені белгілі. Ата заңға референдум арқылы өзгерістер енгізу бастамасы сәтті жүзеге асты. Басты мақсат – халықтың тікелей қатысуымен Ата заңды бекіту.
Қазақстан жерінің, жер байлықтарының иесі халық деп танылуы қуантатын жағдай. Әрине бұған дейін ол мемлекет меншігінде болды. Осыған орай Президент «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» құру бастамаларын ортаға салды. Ата-бабамыздан мұра болып қалған жерді өзімізден кейінгі ұрпаққа сақтап, аманат етіп қалдыру – біздің азаматтық борышымыз, – деді ол. Референдумға қатысып, таңдау жасау – әрбір азаматтың борышы деп санаймын. Мен өз ауылымдағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебіне барып, референдумға дауыс бердім.
Референдумнан кейінгі Заңдағы өзгерістер Түркістан өңірінін дамуына оң нәтиже берді. Қаланың келбеті бұрынғыдан мүлде басқаша. Өңірдің тумасы ретінде дейінгі және кейінгі Түркістан көз алдымда. 5 жыл ішінде мүлде басқаша кейіпке енген. Жаңа құрылыс нысандары пайда болып, ірі жобалар іске асырылып жатыр. Тып-тыныш қаладан әлемнің төрт бұрышынан туристерді қызықтыратын көзтартарлық шығыс орталығына айналған шаһар болды.
Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Ерекше айта кетерлігі, мажоритарлы жүйе бойынша сынға түскен үміткерлердің басым бөлігі, яғни 525 кандидат өзін-өзі ұсынды. Бұл – бір мандатты округ бойынша өтініш білдіргендердің 86,21 пайызы. Дегенмен ұсыныс жасау бір бөлек те, кандидат атану мүлдем бөлек мәселе. Сондықтан да тіркелгендер саны 435 адамды құрады. Яғни орташа есеппен бір орынға 15 үміткерден таласты. Тіркелгендердің 359 - ы немесе 82,53 пайызы өзін-өзі ұсынған. Мұның бәрі азаматтардың белсенділігін, саяси бәсекенің қызу жүргенін көрсетеді. Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Бұл дегеніміз жастар үшін, әйелдер қауымы үшін үлкен жеңілдік.Осы орайда айта кететін жайт: Әйелдер мен жастарға берілген 30 пайыз квота саяси жүйеге өзгеріс әкелетіні сөзсіз. Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізу арқылы оны институттандыру мақсат болды. Соныменбірге президенттің партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота біздің саяси жүйемізді барынша инклюзивті етеді және әйелдердің билік өкілетті органдарына және заң шығару процестеріне қатысуын едәуір арттырады. Жастар котасы өз кезегінде депутаттық корпусты белгілі бір деңгейде жасартуға мүмкіндік береді.
Талай өнер, спорт жұлдызы түлеп ұшқан, бірлігі бекем Қарт Қаратаудың баурайында жатқан Хантағы ауыл әкімі ауылдың тумасы Байбеков Асхат жас та болса ауылдың көркеюіне көп үлес қосып келе жатыр. Ол әрқашан ауыл азаматтарымен ақылдасып, қай мәселені де кеңесіп шешеді. Ауыл әкімге сенім артады. Екі жылдың ішінде ауылдағы екі мектепте күрделі жөндеуден өтіп, спорт кешені салынды. Қазіргі таңда ауылдың тұрмыс жағдайлары әлде қайда жақсарып келеді.
Осы кітапхана саласында қызмет еткеніме 10 жыл уақыт болған екен. Осы уақыт ішінде мамандығымның ыстық суығын көріп, өмірлік тәжірибе жинадым. Меніңше, дәл осындай аяулы мамандық жоқ. Кітап әлеміне деген ерекше қызығушылығым кітапханашы мамандығына әкелді. Бала күнімде қызықты, танымдық кітаптарды ауылдың кітапханасынан көп алып оқитынмын. Ауыл жастарын кітап оқуға баулу менің басты мақсатым. Осы орайда менің және кітапханамның жетістіктеріне қысқаш тоқталып өтсем. 2010 жыл Кентау қаласында «Ұлы Жеңістің - 65 жылдығы» және Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қалалық термешілер мен дәстүрлі әншілер байқауында І орынмен марапатталды. 2010 жыл Төлеби ауданында облыстық «Құлагер» сәйгүліктер фестивалінде халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін насихаттай отырып жылқы малына арналып жазылған шығармаларды жоғары деңгейде орындағаны үшін ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды. 2011 жыл Қызылорда қаласында әнші-жыршы Ақмырза Тұяқбайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Жыр күмбезі» атты жыршы-термешілер байқауында «Алғыс хатпен» марапатталдық. 2011 жылы кітапхана ҚР Тәуелсіздігінің «Ұлының ұлттық ұраны: «Бейбітшілік – елімнің мақсат-мұраты» атты І-ші Халықаралық жастар мен студенттер фестивалінде ерекше өнер көрсеткені үшін І орынмен марапатталды. 2017 жылы Кентау қаласында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік кітапханашы – 2017» атты байқауда І орын иелендік.
Ел тұрақты болса, мәдеиет те дамиды. Ал тұрақтылық кепілі – саяси реформалар. Бұл ретте еліміз дұрыс бағытта келе жатыр деген сенімдемін.
Махамбетиярова Шолпан,
Хантағы ауылдық №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.