Саяси реформалар жемісін беруі үшін уақыт пен тұрақтылық қажет

Соңғы жылдары елімізде ауқымды өзгерістер болды. Қаңтар оқиғасы, өзге де мәселелер елімізде саяси жүйені жаңғырту уақыт талабы екенін аңғартты. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батыл бастамаларды қолға алды.

Malim Админ

  • 08.06.2023

Соның ең маңыздыларының бірегейі – референдум. 2022 жылдың 5 маусымында Президент жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Оған Түркістан жұртшылығы белсенді қатысты. Өзгерістерді, бастамаларды оң қабылдады.

 Бұл өзгерістер азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылып отыр. Референдум не берді деген сұрақ қазір бүкіл ел­ді толғандырады, әрине. Ең алдымен Жаңа Қазақстанды құрып, жаңарып, жаңғыру үшін Ата Заңымызға өзгеріс ен­гізілді. Біріншіден, суперпрезиденттік басқарудан пре­зи­дент­тік басқаруға өттік. Президент өз өкілетін Парламентпен, жер­­гілікті атқарушы билікпен бөлісіп отыр. Оған қоса, Мемлекет басшысы ешбір пар­тияға төраға болмайды. Халықты ел басқару ісіне араластыру мәселесі көтеріліп, облыс әкімдерін та­ғайындауға байланысты өзгертулер енгізілді. Мәслихат депу­татарына үлкен жүк артылды.  Конституциялық Сот та, Жоғарғы Сот та, барлық деңгейдегі соттардың судьяларына қандай да бір пар­тияға мүше болуға тыйым салынды. Орталық сайлау комиссиясының төра­ғасы мен мүшелеріне де тура сондай шектеулер қойылды. Билік тармақтарының өзара байланысын нығайту, Парламенттің ықпалын күшейту, халықтың ел билеу ісіне араласуы, адамдардың құқығын қорғау мәселесі қарастырылды. Парла­ментке және жергілікті өкілді орган­дарға әйелдер мен жастар­ды тартудың тиімді жолы ретін­де олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді деген мақсатта  алғаш рет партия­лық тізімге әйелдер мен жас­тар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Мұның барлығы жүйелі реформаларға бастайтын жол деп айта аламыз.  Референдум  елімізге оң өзгерістер әкеліп, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне, елдің дамуына оң өзгеріс әкеледі деген сеніммен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде мен және менің отбасым даусымызды беріп, қолдау көрсеттік. Сонымен қатар Түркістан халқының ерікті түрде белсенділік танытып сайлау учаскілеріне барып дауыс беріп жатуының өзі халықтың заңнамадағы өзгерістерге деген оң көзқарасын айшықтайды деп айта аламын. Ең алдымен айта кететін,  маңызды жайт – Конституцияға өзгерістер енгізу туралы рефе­рен­дум­нан кейін еліміз бір сәтте Жаңа Қазақстанға көшіп кетпейтіні. Яғни, қандай да бір елеулі саяси өзгеріс болуы үшін әлеумет пен билік нақты қа­дам­дар жасап, жаңартылған қоғамдық келісім құруы қажет. Ал мұндай жағдайда атқарушы билік қаншалықты шынайы мүдделі екенін және азамат­тары­мыздың өзінің саяси құқығын қорғауға қаншалықты дайын екенін тек уақыт көр­сетеді. 33 бапқа 56 өзгеріс енгізу – үлкен бетбұрыстың басы  деп ойлаймын. 

Бұл жөнінде референдумнан кейінгі Үндеуінде Президентіміз де айтып өткен болатын.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн. Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек.    Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын», деді Президент. Осы Үндеуде көтерілген біраз мәселе бүгінде жүзеге асуда. Мәселен, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Түркістан облысында 9 мектептің құрылысы жүретін болды.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани орда –  кітапханалардың алар орны ерекше. Кітап оқу  ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.  Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында балалар кітапханасының атқарып жатқан еңбектері мен  жетістіктерін атап өтсем. Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес кітапханада дәстүрлі және заманауи бағытта инсталяциялық көрмелер, арнайы бұрыштар, жасақталып оқырмандар арасында әдеби кештер, кездесу кештері, тұлға кеші, ақпараттық сағаттар, шок-урок, әдеби- қазба, викториналық сұрақ жауап кештері, буктрейлер, оқырмандар конференциясы, мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде. Сонымен қатар «Ертегі тыңда балақай», «Кітаппен өткен жаз қызық», «Шексіз мейірім» жобалар жүзеге асырылуда. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  Түркістан облыстық филиалы төрағасы Б. Сүлейменұлының алғыс хатымен, «Ата- бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы аясында, 1000 кітап – 1000 өлең облыстық кітап оқу марафонында ІІІ орын, «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауында ІІІ орын, республикалық «Бір мектеп – бір кітап» онлайн акция байқауында І орын, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және республикалық «Ақылдым» журналының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Ақылды балаға сыйлыққа – «Ақылдым» акция - байқауында «Ғажайып сурет» номинациясымен, «Тәні саудың жаны сау» сайысынан І орын, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыз шашқан жырлар» аймақтық оқу челленджінде  алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістіктер  кітапханашылардың оқырмандармен жүйелі жұмыстарының нәтижесі деп білемін. Кітап оқып, рухани бай болайық баршаңызды кітапханаға кітап оқуға шақырамыз. 

Әлмахан Нұргүл,  

 Түркістан қалалық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесіне қарасты балалар

кітапханасының меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.