Саяси реформаларды жүзеге асыруда қоғамдағы наращзылықтар ескерілді

Ел тарихындағы үшінші референдумдағы енгізілген өзгерістер халықтың өз ойын жеткізуге және құқытарының қорғалуына, өзіндік қасиеттерін бағалай алуға мүмкіндіктер беруде. Түркістан өңірінің жас мамандарының бірі ретінде референдумда айытылған өзгерістерді қолдаймын.
Қабылданған заңдағы өзгерістердің ішіндегі халықтың көптен күткені: Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау еді. Ол жүзеге асты.
Референдумға дейінгі жасалған наразылықтың бәрі ескеріліп, назарға алынғаны байқалды.
Бұдан өзге тағы бір өте маңызды түзету – елде заң қабылдау тәртібі өзгерді. Референдумға дейін қандай да бір заң жобасы алдымен Мәжілісте қаралып, талқыланып, Сенаттың қабылдауына жіберілсе, референдум арқылы бұл тәртіп өзгертіліп отыр. Енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды да, Сенат қабылданған заңдарды не мақұлдайды, не мақұлдамайды. Баса айта кетерлігі, түзетулер мақұлданса Конституциялық заңдарды қос палата бірге қабылдайды.
Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау процесіндегі өзгерістер де көңілден шықты. Партия құру жолы жеңілдеді. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Аудандық мәслихаттарда әрбір депутатты ел таңдады. Бұрын тек партиялық тізіммен таңдалатын. 30 пайыздық квотаның енгізілуі жастар мен әйелдер қауымына саясатқа жол ашты десек болады. Бұл туралы Президентіміз кеңінен тоқталған болатын.
«Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды бес саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Бұл – ұзақ жолдың басы ғана. Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл – аса маңызды жұмыс. Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз. Бәріміз мына бір өте маңызды нәрсені түсінуіміз керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Оның бәрі, ең алдымен, ел болашағы үшін айрықша маңызды», – деді Президент.
Ауыл әкімдерін сайлау 2 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл ойды естігенен бастап-ақ, көңіліме жайлылық сезілгендей болды. Қандай да бір елдімекен болмасын елден шыққан азамат өз туған жерінде әкім болып басқарса, кіндік қаны тамған жерге жанашырлықпен қызмет етеді деп ойлаймын. Осы тұста мына мақал мәтел ойға түседі «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын?». Ойымның түпкі мақсаты өз еліне қызмет етер қолынан іс келер азаматты тек өзінің елі ғана таниды дегім келеді.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан 65 жылдық тарихы бар №19 колледжде оқытушы болып жұмыс атқарамын. Бұл мекемеде қызмет етіп жатқаныма 5 жыл болды. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – қоғамға пайдалы тұлға мен маман қалыптастырып шығару. Студенттеріміз білім саласы бойынша облыстық WorldSkills байқауының жеңімпазы болса, өнер саласы бойынша жылдағы өткізілетін көркемөнерпаздар байқауында жүлделі бірінші орынды берген емес.
Ізмахан Зәкерия
Бәйдібек ауданындағы №19 колледжінің химия пәнінің оқытушысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.