Шекараны заңсыз өткен генерал 6 айға сотталды
Алматы облысының Кеген аудандық соты бұрыңғы генерал Серік Күдебаевті шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданды.
Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылған. Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін алты айды қосқанда жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылып 30 наурыз күнгі сот отырысына шақырылады. Бірақ генерал сотқа келмейді. Сондықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты. Артынша генералдың Қырғызстан шекарасы арқылы Түркияға қашып кеткен кеткені белгілі болды. Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялап 27 сәуірде ДП-ның экс-басшысы ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұрынғы шенеуніктің ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің өз еркімен қайтып оралды деген мәлімдемесін, бас прокуратура жоққа шығарған болатын.