Шөкеев: "Бізге техника керек, Асқар Ұзақбайұлы"

Malim Админ

  • 05.05.2020

Бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында болған су апатына байланысты есеп беріп, Үкімет басшысынан көмек сұрады. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі кезде 3200 адам мектептерге орналасқан. Қалғандары туған-туыстарының үйінде. Қабылдау, эавкуациялық пунктер құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті. Қазіргі карантиндік жағдайды ескере отырып, 120 медициналық қызметкер көмек көрсетіп жатыр екен.

«Төтенше жағдай салдарынан 845 тұрғын үйді, үш балабақшаны, 4 медицина нысандарын, бес мектепті, бір мәдениет үйін, он дүкенді су басты. Жеңіс ауылындағы көпірді, облыстық, республикалық маңызы бар 54,010 шақырым жолды су басты. 7639 гектар егістік жерді су басты. Мал шығыны да бар. Оны қосымша есептеулерден кейін баяндаймыз. Ауданда қоғамдық тәртіпті, сақтау және су басқан үйлерді қорғау үшін 8 блок бекеті үйымдастырылып, 303 полиция қызметкері, 53 автокөлік жұмылдырылды.

Елді мекендерді  су алу қаупінен сақтау үшін бөгеттер салынып, Мырзакент аулына коллектор орнатылды. Бұдан бөлек Жетісай жақтан Бетпақдалаға айналып өтетін канал қазылды. Кеше Өзбекстанға барып, орталық коллекторды аралап шықтық. Қауіпті деген жерлерді көрдік. Қоғалы елдімекені жанындағы көпірді қарап, соның қасынан тағы канал қазуды ұйғарып, сол жұмыс жасалды.

Өзбекстан тарапынан мамандармен тығыз байланыстамыз. Жағдай тұрақтанған соң, олар өз техникасымен кіріп, бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетін болды. Шекарадан өткізсек болды.

Елдімекендердегі су жердің жағдайына байланысты ұзақ тұруы мүмкін. Өйткені жер асты сулары жақын. Сондықтан сол елдімекендердің айналасынан үлкен-үлкен арықтар мен орлар қазып, суды сонда ағызу үшін бізге техника керек, Асқар Ұзақбайұлы. Экология министрлігімен бірігіп, республиканың қай жерінде мүмкіншілік бар, сол жақтан мотопомпаларды, насостарды жұмылдырып, бірге кірісуіміз керек қой деп ойлаймын.

Су елдімекендерден кеткенен кейін былтырғы Арыстың тәжірибесі бойынша біз әр үйдің шығынын есептеп, ары қарай комиссиямен біріге отырып, зардапты қалай орнына келтіреміз, соны ақылдасуымыз керек.  Бұны есептеу қиын болады. Арыстағы тәжірибемізге сүйеніп, ол мүліктің шығынын жабу үшін, әр отбасыға белгілі сомманы белгілеу керек деп ойлаймын.

Одан бөлек 7 мың гектардан астам егістіктерге шығын келді. Соның бәрін қайтадан есептеп шығып, оны да өтеп беруге көмектесу керек ойлаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Байланысты жаналықтар

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024
MalimBlocks
Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.